Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ренжімеңдер, қазақтар. Болашақ бәрібір мәңгүрттердің қолында” – Асқар Әбдімәминов

“Мен сияқтыларды шалақазақ дейді. Бұлай десем жеңіл құтылармын. Біз сияқтыларды мәңгүрт дейді, анығында.

Әкемнің ашуына тигенде солай дейтін маған: “сен мәңгүртсің деп…”.

Қаным басыма шабатын сол кезде. Айтматовты оқығаным бар. Кітабындағы мәңгүрт –  ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті, алыс пен жақынды ажырата алмайтын, тіпті туған анасын атып тастайтын ақыл-ессіз құл-тұғын.

Ол кезде бала едік біз. Әкемнің сөзін ауыр қабылдайтынмын. Тура мағынасына түсінетін едім. Астарлап айтқаны екен. Тегінен ажыраған мені тұқыртқан түрі екен бұл.

Кейін түсіндім. Әкем маған емес, өзіне ашуланыпты. Мені солай тәрбилегені, солай өсіргені үшін өкініпті ол. Сол кездегі жүйенің жетегінде кеткені үшін өз жанын жегідей жепті. Қайтсін…

Жоқ, ол маған жақсылық ойлады. Өмірде жолыңның ашылғанын қаласаң орыс тілін мінсіз деңгейде білуге міндетті едің ол тұстары. Орыс тілін меңгергенде ғана әлемдік мәдениеттің, ғылымның, білімнің кілті табысталар еді қолыңа. Өмір бойы орысша оқыдым осылайша. Әкем бе? Әке-шешем қазақша білмейді емес білетін, үйде де, түзде де менімен орысша сөйлесетін бірақ. Оқып-тоқығанның түгелдейін орыс тілінде танып білдім.

Жоқ, бұл ақталу емес. “КСРО құлағалы қашан, осы уақытта қазақ тілін үйренетін уақытың болды ғой?” дерсіздер.

Түсінесіздер ме, мен өскен ортада орыс тілінен өзге тіл жоқ еді. Орыс тілі менімен біте қайнасты, туған тіліме айналып кетті турасын айтқанда.
https://kaz.365info.kz/shala-aza-tar-bilip-zh-ri-der-na-yz-aza-tar-bizge-bauyr-emes-orystildi-aza-233647

Иә, қазақпын. Қазақ екенімді білем, түсінемін де. Сезінбеймін бірақ. Өйткені ішкі әлемім бос. Қазақтықтан, қазақылықтан ада.

Неге солай? Себебі мен ондаған ұлтты уысында ұстаған ұлы мемлекеттің қол астында өстім. Осы мемлекеттің ұланы болғанымды мақтан тұттым. Тал бесіктен орыс тілінде тәрбие алдым. Тіпті Айтматов та өзінің ұлы шығармасын орыс тілінде жазған…

Түрім мен төлқұжатымдағы аты-жөнім ғана қазақ екенімді еміс-еміс еске салатыны болмаса,

менің бойымда қазақылық атымен жоқ. Ішкі жан-дүнием тегін тануға, туған тілін үйренуге талпынбайды.

Мәңгүрт дейді бізді. Ұлтынан, тегінен ажырағандар, адасқандар дейді біздейлерді.

Рас..

Бәрі де рас. Кеңестік дәуірдің адамымын мен. Сол жүйенің жемісімін мен. Түк те білгем жоқ. Алаңсыз өстім. Мені тәрбиелеп өсірген жүйе бір кездері менің ата-бабамды ашаршылыққа ұшыратқанын білмедім мен.

Мені тәрбиелеп өсірген жүйе қазақтарды тегінен, тілінен ажыратып жатқанын да сезінгем жоқ. Есесіне орыс тілі арқылы әлемдік  мәдениетке қол создым. Оқыдым. Таныдым. Үйрендім.

Білесіз бе, мен ұялмаймын бұл үшін. Бір кездері қазақ тілін білмегенім үшін қысылатын едім. Өз тілінде сөйлейтін қазақты көргенде оған түк қатысы жоғымды түсініп қара терге түсетін едім мен. Ұлт патриоттарының сөзі сойыл боп тиетін. Ақталатынмын. Жалтаратынмын. Жауап қататынмын. Олардың өзін айыптаушы едім: “мәмбетсің”, “ұлтшылсың” деп…

Бұдан да өттім.

Ұлт  патриотттарына мынаны ұғындырғым келеді:

Мен КСРО-ны көксемеймін. Құдай сақтасын. Өзімен кетсін. Әлем өзгерген әзір. Демократияның төбе басында америкалықтар немесе сіздердің тілмен айтқанда шала-еуропалықтар отыр.

Шала еуропалықтардың құндылықтары Қазақстанды да шарпыған. АҚШ — мәңгүрттер елі. Бұл елдің құндылықтарын қолдаймын мен.

Ұлттық идея деген түсініктің өзектілігі өлген. Көнерген, ескірген. Қазақ ұлтшыларды, осыны ұғынатын уақытқа келдіңіздер ғой? Ұлтты ұлы қылатын оның тілі емес, ісі!

https://kaz.365info.kz/shalakhazakhtar-birigejik-astanada-tyngysh-ret-shalakhazakhtardyn-otyrysy-otti-252324

Сіздер

Ұлт үшін не істедіңіздер, айтыңыздаршы? Қазақша сөйлейсіздер ме? Сол ма қосқан үлестеріңіз? Сол ма шыққан шыңдарыңыз?

Орыстардың қазақтарды барынан айырғанын, осы себепті кедейшілікте өмір кешетініңізді қазақша сөз етесіздер ме? Бабаларыңыздың ерліктерін қазақша жырлап мақтан етесіздер ме әлде? Денсаулық сақтау саласындағы былықтарды қазақша сөз еткенмен, дәрігер салақтығынан өлген нәрестелер қайта тіріле ме?

Шыңғыс хан Наймандарды қынадай қырған, ал сіздер оны бабамыз дейсіздер.

Халық үшін қандай қарекет қылдыңыздар? Ғылымда, білімде барсыздар ма? Ұлттан бөлек, жалпы адамзат үшін не істедіңіздер? Тойдан өзге тындырған істеріңіз бар ма өзі?

Сіздерге былай айтайын:

Қазақстанның абыройын асқақтатып, атын шығарып жатқан сіздер сынайтын мәңгүрттер мен шалақазақтар, шындығында.

Қазақ тілін дамытқыларың келе ме? Тықпалай бергенді доғарыңдар ендеше. Қадірін кетірмеңдер тілдің. Қазақ тіліндегі табысты, тартымды өнім жасаңдар одан да.

Бізге, мәңгүрттерге қарата, қазақтар туған тілін білуі тиіс деп қақсай бергенді қойыңдар. Ілгеріде айттым, мен тек төлқұжат бойынша қазақпын. Болды. Бітті.

Алдарыңда ақталып отырар жайым жоқ. Мен үшін от пен суға түскендей күйінбеңдерші! Сөздеріңе құлақ түрер құлқым да, уақытым да жоқ. Уақытым жоқ, түсінесіздер ме? Тіл үйренетін уақытым жоқ. Жұмыстамын. Жұмысбастымын.

Сіздерге де адамзаттың қажетіне жарайтын іспен айналысуға кеңес беремін, ұлтшылдар.

“Мәңгүртсің” дейсіздер ме! Ал, мәңгүртпін ал… Бұған ендігі жерде ренжімеймін. Мақтан тұтамын мұнымды. Болашақ мәңгүрттерде! Болашақ мәңгүрттердің қолында!

Айтайын дегенім осы”.
https://kaz.365info.kz/shalakhazakh-dep-kyndejmiz-aruzhan-sajyn-kim-307295

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз