Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Құрбымның күйеуі соңымнан қалмай жүр. Не істей аламын? (фото)

192

Содан не керек ол жігітке тура сол кезде үйлену керек болды, отбасындағы бір жағдайларға байланысты, маған ұсыныс жасады. Мен келіспедім əлі жас едім. Ол маған ашуланып менің жақын құрбымды алып қашты менің көзімше.

Баста оған ашуланып неге олай жасады деп түсінбедім. Сол уақытта анам мені қолдады, өткен іс өтті еш өкінбе болды деп. Ол жігіт одан кейін менің құрбыммен араластырмады. Оған ештеме демедім, көндім. Өзім төзімді жанмын негізі.

Содан міне 2 жыл өтті, құдайға шүкір жоғарғы оқу орнына түсітім 2-ші курс студентімін жалпы медицина мамандығы бойынша оқып жүрмін. Соңғы кезде əлгі жігіт маған хабарласып жүр. Кайдан алғанын білмеймін, менің номерімді тауып алыпты.

Ол  маған: “ақымақтық жасадым, сүймейтін қызға үйленіп, сені сағынып, қадіріңді енді сезіп біліп жүрмін” дейді. Мен оған: “сенің отбасың бар, балаң бар, мені мазалама, менің өз өмірім бар, маған енді хабарласушы болма, дедім. Бірақ ол қояр емес, ажырасып сені алам деп. Маған ақыл кеңестеріңіздерді айтыңыздаршы одан қалай құтылам. Ол жігітпен сөйлескеннен кейін ешкіммен кездескен емеспін.

Тек сабақ деп жүрдім. Үйге құда түсіп келушілер де бар, бірақ олардың біріне де қарап сөйлескен емеспін, əлі жаспын ғой деп! Сіздердің көмектеріңізге мұқтажбын.

Не де болса жастарыңыз үлкен ғой көпті көргенсіздер, ақыл-кеңестеріңізді қосыңыздаршы. Құдайға шүкір алланың да ата-анамның да алдында арым таза.

Аноним 

Дереккөз: Алаш айнасы 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз