Полицейлерге сот шешімінсіз-ақ ереже бұзған жүргізушілерді куәлігінен айыру құқығын беруді ұсынған Әділет министрлігі енді не істер екен? “Біз ақымақтау ұсыныс жасаппыз” деп мойындай ма, әлде дегеніне бәрібір жетіп тына ма?
Білмедік.
Бірақ осы даулы ұсынысқа байланысты бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өзі түсініктеме берген екен:
«Азаматтардың құқығын шектейтін нәрселердің бәрі, оның ішінде куәліктен айыру, әкімшілік қамауға алу және басқасы тек сот арқылы шешілуі тиіс. Біздің нақты позициямыз осы»,
– деген Қалмұханбет Қасымовтың сөзін Zakon.kz келтіреді.
https://kaz.365info.kz/khajyrymdy-politsej-korsek-nege-tan-khalamyz-299886