Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Рахман Омардың әйелін қатыгездікпен өлтірген адам сотта басқаша сөйлеп шықты

716

Атышулы іс бойынша сот ашық делінгенімен, неге екені белгісіз бүгінгі процеске тілшілерді кіргізбей қойды. Тіпті, марқұмның бұрынғы күйеуі Рахман Омаровтың өзі есігінен сығалап қалды. Танымал тележүргізуші түк тындырмады деп тергеушілерге өкпелі. Оның айтуынша, арада төрт ай өтсе де, балаларының анасы не себепті өлтірілгенін сол күйі ешкім біліп бере алмапты.

Ерке Есмахан камера алдында боқтап, өзін ұстай алмай қалды

“Ең басты күдікті ештеңе айтқан жоқ! Не өзінің адвокатына, не тергеушіге, ешқандай. Сол жұмылған аузы сол күйі міне төрт ай болды, бір ақпарат жоқ. Біз себебін білмей отырмыз! Салдары не әлі күнге дейін. Не жағдай түрткі болды? Ол ақша мәселесі ме? Жоқ, әлде басқа жағдайдың үстінен түсті ме?”, дейді марқұмның бұрынғы күйеуі Рахман Омаров.

Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға мына үйдің үшінші қабатында болған. Гүлдерайым Омарова әдеттегідей пәтерақысын алуға барады. Алайда, пәтерін жалдап отырған қыздар ақшаның орнына келіншекке пышақ ала жүгірген. Сараптама көрсеткендей, суық қару мойын тұсынан сегіз мәрте сұғылыпты. Бірақ соған қарамастан, басты күдікті қылмысты «байқаусызда жасадым» деп сотта дес бермей отырған көрінеді. Одан қалды, анасының артынан іздеп пәтерге барған ұлына пышақ жұмсағанын да мойындамай қойған.

Ақмола облысында халал шұжық жеген бала қайтыс болды

“Бетін тілсе, қан ақпайтын адамдар деп айтамыз ғой. Дәл солай.  Маған шабуфл жасағандарын  ашық айтпай жатыр”, деді марқұмның ұлы.

О баста күдікті екеу делінгенімен, сотталушы орындығында қыздардың біреуі ғана отыр. Екіншісі сұмдық қылмыс болғанда «ұйықтап жаттым» деп ақталыпты.

“Енді ол басқа симайтын нәрсе. Өйткені, ол үйде болды. Мен қаншама тоқылдаттым. Барлық үй естіді оны. Бірақ, соның өзі ештеңе көрмедім, ештеңе естімедім деп жалған айтып отыр”, деді ұлы  Досхан.

Ал басты күдікті -30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова. Түркістан облысындағы Шардара ауданының тумасы бұрын да ұрлық жасап, ұсталған екен. Бірақ сот кешірім беріп, түрмеден құтылған. Бұл жолы да сол қулыққа салғысы келсе керек, сегіз мәрте пышақ сұққан Сүлдейменова «байқаусызда өлтірдім» деп бабын өзгертуді сұрады. Егерде онысы дәлелденсе, «аса жауыздықпен адам өлтірді» деген айып тағылған Ақтолқынның жазасы едәуір қысқарады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз