Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ҚР Президентінің Мұрағаты Ұлт жоспарын іске асыруда

Тұрақты сақтауында, мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпарат бар мемлекеттік мұрағаттар азаматтар мен мекемелерден келіп түскен  әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сауалдарды орындауды қамтамасыз етеді. Оларды орындаудың толықтығы мен шұғылдығы біріші кезекте құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеп қаншалықты сапалы болғандығына тәуелді болады.

Осылайша, жыл сайын Мұрағаттың сараптамалық тексеру әдістемелік комиссиясы  жинақтау көздері – ұйымдарының 4,5 мыңнан астам мұрағаттық істерін қарастырады. Мұрағат сарапшылары іс жүргізуге және құжаттарды ведомстволық сақтауға жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді. Мұрағаттың ақпаратты шұғыл іздестіруі үшін ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру және қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды ендіруді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуі тиіс. ҚР Президенті Мұрағатының өндірістік қызметіне Электрондық мұрағатты енгізу жинақтау мен сақталуын қамтамасыз етуден бастап мұрағаттық құжаттарды пайдаланғанға дейін дәстүрлі мұрғаттық  процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Мұрағаттың  оқу залына келушілер қажетті ақпаратты іздеу үшін мынадай ақпараттық-іздестіру жүйелері енгізілген бірыңғай ДҚ пайдалана алады: «Мұрағаттық қор», «Биліктің жоғары органдарының директивтік шешімдері», «Аса құнды құжаттар» және басқалары. Деректер қорының үлкен бір бөлігі ҚР Президенті Мұрағатының сайтында орналастырылған: http://archive.president.kz/. Президент Мұрағаты тікелей қатысатын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тағы бір бағыты – бұл «МЕНІҢ ЕЛІМ» азаматтық тұтастықты нығайтудың ұлт жоспарын іске асыру (87-қадам). «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны  танытуда қомақты үлесті Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дайындалған ҚР Президенті Мұрағатының іс-шаралары енгізді.

Тарихи құжаттамалық көрмелердің, дөңгелек үстелдердің, тұсаукесерлер мен басқа да қоғамдық-саяси және бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көптеген қатысушылары  мұрағаттық құжаттар негізінде  елдің тарихына терең бойлауға, жаңа фактілер мен біздің халқымыздың өткеніне көз жүгіртуге мүмкіндік алды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерейтойлық іс-шаралардың көпшілігі мынадай ұйымдық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырылды: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, ұлттық мәдени орталықтар және т.б.

Елдің әртүрлі өңірлерінде Президент Мұрағатының іс-шаралары сәтті өтті, атап айтқанда  Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының, Жезқазған және Түркістан қалаларының, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының және басқа да өңірлердің тарихи-құжаттамалық көрмелері мен дөңгелек үстелдері. Әрбір өңірде іс-шаралар серіктестері облыстық, қалалық және аудандық мұрағаттар болды.

ҚР Президенті Мұрағатының «Екінші дүниежүзілік соғыста әскери тұтқындалған  қазақстандықтар: әдебиет, деректер көзі мен қоры», «30-жылдардағы Қазақстандағы аштық: құжаттар мен фактілер», «1919-1991 жж. Кеңестік Қазақстанның номенклатуралық кадрлары», құжаттар жинақтары, мақалалар мен жарияланымдар, тарихи-құжаттамалық көрмелері – күн өткен сайын Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білгісі келетіндер үшін танымал ақпараттық ресурсқа айналып келеді.

Қазақстанның мұрағатшылары ел болашағы тек қана мемлекеттік органдар қызметіне ғана емес, сондай-ақ әрбір ұйымның, әрбір азаматтың әрекетіне тәуелді екенінен сенімді –  міне дәл осыған елдің мұрағаттарында сақталған Қазақстанның тәуелсіздігі тарихының мұрағаттық құжаттары куәлік етеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз