Ол Ақтоты Райымқұлова болды.
Бұл туралы салалық ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын композиция және фортепиано мамандықтары бойынша тәмамдаған. Көптеген музыкалық туындылардың авторы, олардың ішінде «Ел бақыты», «Apple of Peace», «Көкжал» кантатысы, «Толғау», «Дала сыры» және «Жәмиля» симфониялық поэмаларының, «Аспан көші» екі актілі балеті, «Алатау» пьесасы, «Соңғы сезім», «Тұзды шөл», «Абай», «Еңлік-Кебек», «Абылай хан», «Естайдың Қорланы», «Гамлет», «Қорқыттың көрі», «Сыған серенадасы» секілді спектакльдерге музыкалық туындылардың, фильмдер мен сериалдарға жасалған саундтректердің және т.б. авторы.