Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-19
USD
524
-0.14
EUR
545
-0.25
RUB
5.2
+0.09

ҚР Энергетика вице-министрі тағайындалды

Ғани Сәдібеков Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық факультетін, сонымен қатар Қырғыз мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. Еңбек жолын Алматы облысының «Салқын-саз» кооперативінен бастап, кейін Алматы қаласы Совет ауданының әкімдігінде шаруашылық есеп қызметінің директоры және аталған мекемеде инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің меңгерушісі болған.

2004 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор, кейін Алматы қаласының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, сонан соң ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балхаш-Алакөл экологиялық департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық әкімдігінде аппарат басшысы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары және Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Ғани Сәдібековке ҚР Энергетика министрлігінде экология мәселелеріне жетекшілік ету тапсырылып отыр. Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап бос болған лауазымға тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз