ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Біржан Мажренов Бас әскери прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Біржан Мажренов бұған дейін Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған болатын.
«Сонымен қатар, бұған дейін ҚР Бас әскери прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген Бақытберген Қасымбаев ҚР Бас прокуратурасының қарамағына алынды», делінген баспасөз баянында.