Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақпарат министрлігі: Ұялы байланыс сапасының төмендеуі фактілерін хабарлау керек

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының радиожиілік жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімімен ұялы байланыс операторларына Қазақстан Республикасының аумағында 4G стандартының мобильді байланысын ұйымдастыру үшін GSM, DCS-1800 (GSM-1800), UMTS/WCDMA(3G) стандарттарында бұдан бұрын бөліп берілген радиожиіліктерді пайдалану мүмкіндігі берілді.

4G стандартының мобильді байланысын ендіру және қосымша базалық станцияларды орнату жұмыстарын жүргізу кезінде байланыста проблемалардың туындау ықтималдығы бар екенін атап өтеміз», – делінген ведомство жауабында.

Өз кезегінде, Министрлік ұялы байланыс қызметтерінің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстарды іске асырды.

Осы ретте ұялы байланыс сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу үшін келесі шаралар атқарылды:

  • Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері және Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі бекітілді; түрлі стандарттағы ұялы байланыс сигналдарының сапасының өлшемдерін өлшеу үшін арнайы өлшеу жабдығының 2 жиынтығы сатып алынды;
  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін байланыс операторларының жауапкершілігі көзделетін норма енгізілді.

Айта кетейік, 2015 жылы ұялы байланыс жұмысындағы түрлі істен шығулар және мобильді интернетпен байланысты проблемалар туралы пікірлерді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне тікелей жолдауға мүмкіндік беретін «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильді сервисі ендірілді.

«Ағымдағы жылы ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ»,-делінген министрлік мәліметінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз