Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Qazkom банкі ірі көлемде несиеге қаржы тартты – Bloomberg

Qazkom банкі мұндай ірі көлемде несиенің жаһандық қаржы дағдарысы салдарынан құтылу қажет деп уәж келтірген. Тіпті, ірі көлемдегі несиені алу мәселесін Qazkom мен ҚР Ұлттық банкі өкілдері өзара талқылап жатқаны да айтылады. Бірақ бас банк те, Qazkom да ресми түрде бұл туралы ешнәрсе айтпай отыр.

Bloomberg өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Qazkom банктің 15-желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық банкінен 400 миллиар теңге алғаны айтылады. Бұл ақшалар банк өтімділігі үшін керек болған екен. Осылайша, қазіргі уақытта шенеуніктер банкке қалай көмек көрсетуге болатынын талқылап жатқан секілді.

Qazqom БТА банкпен біріккен кезде Ұлттық банктен 250 миллиард теңге қарызға алған. Сол секілді ел арасында Qazqom “Халық банкімен” бірігуі мүмкін деген алып-қашпа сөз бар. Алайда екі банк өкілдері алдында бұл мәліметті жоққа шығарған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Qazqom банктің қаржылық жағдайы қиын екені айтылған. Бұл туралы Елбасы Bloomberg басылымына берген сұқбатында айтты. Алайда Qazqom банкі кейбір қиындықтар бар болғанмен, кез келген мәселені реттеуге банктің қауқары жеткілікті екенін айтып, баспасөзге түсініктеме берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз