Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Qazkom банкі Halуk Bank-ке қосылды

101

Мәлімденгендей, аталған Табыстау актісі арқылы «Қазкоммерцбанктің» барлық мүлкі, құқықтары мен міндеттері «Халық банкіне» заңды түрде табысталады.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметованың сөзінше, бір жарым жылға созылған үлкен процесс өз соңына жетті.

«Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанктің» біріккен технологиялық платформаға көшу шаралары кестеге сәйкес аяқталды. «Халық банкінің» тарихы мен Қазақстанның қаржы секторында жаңа кезең басталды», – дейді ол.

Хабарланғандай, Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2018 жылы 26 шілдеде “Халық Банкі” акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында, “Казкоммерцбанк” акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында және де “Казкоммерцбанк” және “Халық Банк” акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған.

Сонымен қатар, «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанк» барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтады. Нәтижесінде ендігі «Қазкоммерцбанк» пен «Халық банкінің» клиенттеріне «Халық банкінің» барлық филиалы мен бөлімінде қызмет көрсетіледі. «Қазкоммерцбанкінің» еншілес ұйымдары «Халық банкінің» еншілес ұйымдарына айналады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз