Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Путинмен өткізген түн…”. Ресей президенті төрт сағат уақытын кімге арнады?

101

Тақ, тұқ, тақ тұқ…

Тыныштықты төплидің үні бұзды. Келе жатыр. Келе жатыр…

Картинки по запросу путин идет

Мә, мынау Путин бе?

Менің қиялымдағы Путин қайда? Бойы кішкентай екен. Қозы қарны бар. Күзетшісі мен аудармашысы артында тұр.

Стоунмен амандасты. Маған мән берген жоқ. Отырды. Стоун сауал қойды.

– АҚШ-тағы сайлауға араласқаныңыз рас па? 

Путин қабақ шытты. Сұрақ ұнаған жоқ оған. Стоун қайта сұрады:

– ЦРУ-дың қолында Мәскеудің сайлауға араласқаны туралы нақты дерек бар…

Сөзін аяқтаған жоқ. Путин бөліп жіберді.

– ЦРУ ма? Саддам Құсайында жаппай қырып жоятын қару бар деген солар емес пе? Қайда сол қару?

– ЦРУ-дың есебін оқыдыңыз ба? 

– Оқыдым. 200 бетті түгел тауыстым. Нақты араласты демейді, араласу мүмкіндігі жоғары болған дейді.

Путинді ұстай алмады. Сөзден ұстай алмады Стоун.

1 сағат сөйледі Путин. Демалған жоқ. Шаршамайды екен. Оның жанында жақ ашпаған мен қалжырап кеттім.

Қарулы екен…

Үзіліс. Сол кезде таныстырды. Қолын алдым. Қатты қысты. Қарулы екен. Жүзіне қарадым. Тиранды түрінен тануға болады. Ондай белгі жоқ. Аңғарғам жоқ.

Ұлтымды сұрады. Қытаймын дедім. Гонгонгта тұрғам.

“Болғам жоқ, бірақ қытайдың асы мен киімі ұнайды”, – деді Путин. Қытайдан алған екі күрткесі бар екен.

“Біреуі көк түсті. Жақсы түс. Жақсы күртке. Ұнайды. Күн салқындағанда кием” – деді ол.

Үзіліс бітті. Сұрақ-жауап басталды. Шешенстан, Қырым, Ауғанстан, Сирия, АҚШ…Әлемді кім билейді? Әлемге кім тәртіп ортанады? Путин алыстан орағатты. Кеңінен қамтыды жауапты. Ақылдасқан жоқ ешкіммен. Бүйірінде отырған Песковқа (Путин баспасөз хатшысы) бұрылған да жоқ.

Саусағын шошайтты бір кезде Стоунға қаратып:

– Американы ұнатпайсыз, білем. Мені өз қатарыңызға қоспағаныңыз жөн-ау, бірақ…

Бұл жолғы пікірталас екі сағатқа созылды. Міз бақпай отыр. Жағы талмайды екен. Шаршамайды. Әлі де сөйлейтін түрі бар. Мен құлауға шақ тұрмын. Иығым талды.

Менің қиялымдағы Путин, мен ойлаған Кремль мүлде бөлек еді. Қайда, қайда бәрі? “Аса құпия” папкілер қайда, қаракөлеңке бөлмелер қайда? Әлем үрейленген Қызыл империяның жұрнағы да жоқ қой?

Түнгі екі. Әңгіме аяқталуға тәмам. Мақсатыма жеттім. Мугабе, Кастро, Чавеспен, тіпті, Ким Чем Ын кездескен менің тәжірибем Кремльмен толыға түсті. Солай.

Орнымыздан тұрдық. Қазір қоштасамыз. Не түйдім, не көрдім?

Жүзінен диктатордың белгілері байқалмаса да, қатал, өте қатал. Бас-аяғы 4 сағат қосылған кездесуде жымиғаны болмаса, күлгені есімде жоқ. Шөлдеп шықтым.

Путин Ресей маркасы белгіленген судан ұрттап отырды. Бізге ұсынған жоқ…
https://kaz.365info.kz/khytajskij-putinge-khyzdar-kharamaj-zhyr-eken-270713

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз