Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Путинмен кездескені үшін итальялық актриса жарты жылға шартты түрде сотталды

Мути 600 евроның орнына, енді 500 евро айыппұл төлейді, сол секілді оның шартты мерзімі 8 емес, 6 ай болатын болды. Шартты түрде жазадан құтылуы үшін танымал актриса зардап шегуші тарапқа 30 мың евро төлеуі керек екен.

Италия соты 62 жастағы Орнелла Мутиді жалған медициналық анықтама жасап, спектакльге қатыспай қойғаны үшін осындай жаза тағайындап отыр.

Ол қойылым қойылатын күні өтірік ауырдым деп Санкт-Петербургке ұшып кеткен. Онда ол Ресей президенті Владимир Путин қатысқан қайырымдылық кешке барыпты.

Осыдан соң 25 мың евро гонорар төленген спектакльді тастап кеткені үшін Порденон театрының әкімшілігі Мутиді сотқа берген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз