Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Путинге жаба бермеңдер!”. Саясаттанушы біздің биліктің не былықтырып жатқанын айтты

112

Себебі оларда ақша желінсе де халық үшін бір игіліктер жасалады. Ал біз бұл жағынан жұрдаймыз.

Мәселен, Ресейдегі ана капиталы — мықты әлеуметтік қолдау. Бізде мектептерден тегін тамақты алып тастады, ал оларда бар ол әлі. Сондай-сондай көп мысал келтіруге болады. Сондықтан кінәні сырттан іздеуді қойып, өзіміздің мінді түзеп, талап ете білуді үйрену керек бізге„ – дейді Қазбек Бейсебаев.

https://kaz.365info.kz/aldausyratyp-zhatyr-dosym-satpaev-biliktin-halykhtan-khorkha-bastaganyn-ajtty-305586

Ресейді санкцияны ұшыратқан Путинді халқы неге қолдап кетті?

Оның айтуынша, қайтадан сайланған Путинге халқы разы. Ресей билігі тапқан байлықты, табысты теңдей болмасын, әйтеуір жұртымен бөлісіп жатыр. Ал біздікілерде бұл да жоқ.

– Мойындау керек, Путин келгеннен кейін ғана халқының жағдайы түзелді. Әлеуметтік жағынан, әсіресе.

Путин келгенде, оларда ана капиталы деген пайда болды. Мысалы, Ресейде екінші рет босанған әйелге 12 мың доллар береді. Одан кейін отбасында бала саны артқан сайын, мемлекет тарапынан қарастырылатын жеңілдік пен көмек түрлері көбейе береді. Оған қоса, Путин әскерилердің, полицияның жағдайын жақсылап жасап берді.

Әрине, Ельциннің кезімен салыстырғанда, арасы жер мен көктей.

Сол секілді тұралап қалған зауыттар іске қосыла бастады. „Ресейде жасалған„ деген тауарлар қарасы көбейді.

Оның үстіне, Қырымды қосып алды ғой. Қару-жарағының күшін көрсетті. Осылай империялық рухы көтеріліп, бұған да орыстар мәре-сәре боп қалды. Осының бәріне куә боп отырған халық, әрине, Путинге үміт артады.

https://kaz.365info.kz/sagyntaevtyn-kemshiligi-mynada-sayasattanushy-ykimetbasynyn-bir-khateligin-ajtty-286293

Жириновскийді құтыртатын өзіміз…

Саясаттанушы Қазақстан қосылған Еуразиялық экономикалық одақ жәрдемдесуші емес, бәсекелесуші одақ екенін айтады. Өкінішке қарай, оның пікірінше, Қазақстан бұл бәсекеде оңбай ұтылды.

– Шынын айту керек, Қазақстан Ресейге тәуелді, оны мойындаған жөн. Бір-екі мысал келтірейін. Мен былтыр пойызбен келе жатқанда, тоқаш сатып алдым шай ішу үшін. Сыртындағы қағазына қарасам Пермьский край деп жазылып тұр. Енді қараңыз, Пермьский край қай жерде, Қазақстан қай жерде?..

Есік алдында дүкен бар, содан балмұздақ сатып алдым. Қағазында Краснодарский край деп жазылған. Енді ойлаңызшы, тоқаш пен балмұздақты біз өзіміз шығара алмаймыз ба? Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл болды. Қазақстан бензинді кімнен сатып алады? Әрине, Ресейден. Неге мұнай өңдеуші төртінші зауытты салмадық? Неге үш зауытты толық қуатымен жұмыс істетпейміз?..

https://kaz.365info.kz/amangeldi-ajtaly-kremldin-ne-byldirip-zhatkhanyn-bilesinder-me-282899

Елбасы Еуразиялық одақ туралы құжатқа қол қойғанда:

„Үлкен нарық ашылып жатыр, үлкен мүмкіндік туындауда„ деді.

Неге біз соны пайдалана алған жоқпыз? Әрине, 100 процент тәуелсіздік жоқ, кез келген елде. Бірақ қарманатын тәуелсіздік бар бәрінде. Міне, соны біз неге күшейткен жоқпыз. Ол үшін қой деп жатқан ешкім жоқ қой.

Біз әлсіз, осал болсақ бар жағынан, әрине, кез келген бізді басынады. Жириновскийлер құтырады ондайда. Оған кінәлі Ресей де, Путин де, Жириновский де емес. Өзіміз. Басқа ешкім емес. Сорлап отырмыз. Барды ұқсата алмай, талан-таражға салып.

 „Ресейлік„ боп кеткен…

– Бізге ұнай ма, ұнамай ма, бір анығы, біз ресейлік ақпараттық кеңістік аясындамыз. Әрине, кешке дейін Ресейдің жаңалығын көріп, сонымен сусындасаң, өзіңді ресейлік сезініп кетесің. Содан соң, Сирия, тіпті, басқа әлемдегі жағдайларға біздің адамдар өз көзімен емес, Ресейдің көзімен қарап, Ресейдің пайымымен баға береді. Содан соң, бізге бәрінен  Ресей жақын боп көрінеді.

https://kaz.365info.kz/yyat-zhokh-eken-ozderinde-sarapshylar-bizdin-ekonomikany-kimder-baskharyp-otyrganyn-ajtty-287389

Бирмада қанша бала қырылып қалды, кірпігін қаққан жоқ, бір қазақ. Кемероводағы жағдайда белі қайысты. Көрдіңіз бе, ақпараттың құдіретін.

Бұған да Ресей кінәлі дегіңіз келе ме?.. Жоқ. Соған қарсы әрекет қыла алмай отырған өзіміз кінәліміз.

Айтыңызшы, неге көрермен жүздеген телеарна тұрып, ішінен ресейлік арнаны таңдайды? Өйткені ақпарат жеткізу сапасы жылдам, саяси-экономикалық, сараптамалық дүниелерді беруде отандық телеарналардан озық.

Демек, біздікілер бәсекеге қабілетті емес. Мәселені осы жағынан да іздеу керек. Содан кейін, Ресей телеарналарын тұтынуға мәжбүрміз. Мен мұны қатардағы көрермен ретінде айтып отырмын.

https://kaz.365info.kz/biz-resejge-taueldimiz-mojyndau-kerek-khazbek-bejsebaev-308691

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз