Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Украинаны кәдімгі соғыс қару-жарағымен қамтамасыз ету туралы шешімі “Донбастағы қақтығыстың шиеленісуіне түрткі болатынын” мәлімдеді.
Путин 5 қыркүйекте Қытайда өткен БРИКС елдері саммиті аясында журналистерге Вашингтон кімге қару сататынын, я беретінін өзі білетінін айтты. “Бірақ қақтығыс аймағына қару жөнелту татуластыруға септеспейді, жағдайды тек қиындатады” деді Путин.
Путин қару-жарақ жеткізу Украина шығысындағы жағдайды мүлдем өзгертпейтінін, керісінше, құрбандар санын арттыратынын айтты. “Өзін-өзі жариялап алған республикаларда қару-жарақ, оның ішінде қарсыластарынан тартып алған қаруы жеткілікті” деді Путин Донецк мен Луганск облыстарындағы сепаратистер жариялаған “халық республикаларын” меңзеп.
Дереккөз: Азаттық