Астанада әкімдік шайбалы хоккейге бөлінген қомақты қаржыны негізсіз жұмсамақ болған.
Есіл ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу қаржысын негізсіз асыра бағалау фактілерін әшкереледі.
«Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған. Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.