Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Продюсер әртістерге сахнадағы әдепсіз қылығы үшін айыппұл салу керек деген министрдің сөзін сынға алды

149
Ақтоты Райымқұлова

Қонарова  Instagram-дағы парақшасында өзінің наразылығын білдірді.

«Құдайға шүкір, ақыр аяғында,  сынға алса да алты айдан кейін салаға назар аударды. Рахмет, министр ханым!

Мәдениет саласының қызметкерлерітеатр, филармония және т. б., шоу-бизнес, ивент-индустрия салалары толығымен жұмыссыз, мемлекеттің қолдауынсыз қалды,

ал министр керемет ұсыныс жасады!

Мүмкін барлығын ведомствоның өзінен бастау керек шығар? Келесі мәселелерге қатысты не айтасыз?

  • екіжақты смета,
  • сыбайлас жемқорлық,
  • танымал қара тізімдер (жеке таңдау бойынша),
  • шарттық міндеттемелерді орындамау,
  • төлемдерді (мардымсыз) алты айға дейін кешіктіру, өйткені жоғарыдағылар барлығын алады, орындаушының қолына тиын-тебен ғана түседі.

Жұмыс істей алмайтын көптеген түсініксіз қызметкерлер бар (олар құпия зертханада клондалған сияқты көрінеді).

Ең алдымен, жұмыссыз қалған адамдар туралы, табысы жоқ әртістің моральдық бейнесінен гөрі басқа да маңызды нәрселер туралы ойлануымыз керек!

Неліктен

  • фонограммадан бас тартпасқа,
  • авторлық құқық туралы заңды қайта қармасқа. Бізде авторлар да, әртістер де осы заңсыздықтар мен былықтың кесірінен ақша таба алмай отыр!

Неліктен киноға миллиардтық бюджет бөлу туралы мәселені көтермеске?

«Неге» деген сұрақ көп. Бірақ мәселе моральға келіп тіреледі екен. Өзідеріңізден бастау керек, шенеунік мырзалар! Әйтеуір  біздің керек екенімізді сезінесіздер… Қазір кейбір салаларды қалай да жабуға тырысатын болсаңыздар, барлық талантты адамдар сыртқа кетіп тынады.

Мәдениет саласына қысым көрсетудің орнына, жан-жақты қолдаңыздар. Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым. Енді не болса, сол болсын», — дейді продюсер. 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжіліске әртістер мен музыканттарға «әдепсіз қылықтары» айыппұл салуды қарастыратын заң жобасын ұсынған еді. Әдепсіз қылықтар деп сахнаға мас күйінде шығу, оғаш мінез көрсетуді айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз