Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Пробегі қанша?”. Миллиондар жүріп тастап, әлі де тоқтамаған 9 мәшине

254

Әлемді шулатқан рекордтардың бірін Volvo P1800 көлігі орнатты.

Ив Гордон деген жігіт сонау 1966 жылы Volvo P1800 автокөлігін сатып алған. 1987 жылы мәшине тұп-тура 1 млн шақырым жүрді. 2002 жылға қарай “пробегі” 2 млн шақырымнан асқан. Осы оқиғаға орай Volvo компаниясы Ив Гордонға Volvo-ның жаңа моделін сыйға тартқан, бірақ бақытты жігіт өзінің ескі көлігінен түспеді. Қазір бұл мәшиненің 4,8 млн шақырымға жетіпті. Әлі де жүріп тұр дейді.

2. Chevrolet Silverado 3500 HD

Хью Пеннингтон 2006-шы жылдан бері зейнеткер. Оның мәшинесі 1,6 млн шақырымнан астам қашықтықты жүріп тастаған.

3. Honda Accord

Honda Accord-тар жаман мәшине деп кім айтты?

Джо Лосисеро 1996-шы жылы біреуден 116 мың шақырым жүрген мәшине сатып алған. Бұлай боларын кім білген? Қазірге дейін оның «Аккорды» 1,6 млн шақырым жүріп тастады. Бірақ көлік иесі моторын бір-ақ рет жөндеттім деп қояды.

4. Dodge 2500

Бұл көліктің “пробегі” 1.6 млн шақырымнан асып кетіпті. Санап қарасаңыз, бұл мәшине күніне 800 шақырымдай жүрген. Қолдан-қолға талай рет өткен. Бірақ оның барлық иелері де көлікке жақсы қарайтын жүргізушілер болғанға ұқсайды.

5. Saab SPG


https://kaz.365info.kz/mynau-lifan-khytajdyn-kamrii-khandaj-dejsiz-be-foto-300098

Қазір зейнеткер атанған Питер Гилберттің мәшинесі. Ол бұл мәшинені 1989 жылы сатып алып, оны әлі теуіп жүр. Сол уақыттан бері 1,6 млн шақырым жол жүріп, 88 рет дөңгелек ауыстырған екен.

6. Lincoln Town Car

Мұндай ауыр мәшине мұнша шыдамды болады деп кім ойлапты?

Бұл автокөлік Канзастағы Чет Белил деген кісіге 1983 жылы сатылған. Әлі жүріп жүр екен. “Пробегі” қазір 2 млн шақырымнан асты.

7. BMW 325i


https://kaz.365info.kz/brat-mynyn-ne-altyn-orda-zhakhta-mas-khazakh-sojkhan-saldy-274411

Бұл мәшинені 1990 жылы мотор майларын сынау мақсатында Mobil Oil компаниясы сатып алған. Бұл BMW әлі жүріп тұр екен. Талай мотор майларын сынаған бұл мәшине жылдар бойы 1,6 млн шақырым жол жүрген.

8. Mercedes 240D

Mercedes 240D мен оның қожайыны.

Бұл мәшине 1983-ші жылы сатып алынған. Қожайыны зейнеткер Пол Харман деген неміс. 2008 жылы көліктің “пробегі” 1.6 млн шақырымнан асып, соның құрметіне Mercedes бастықтары Полға арнайы шильдик сыйлаған.

9. Mercedes-Benz 240 D

Мына “Мерс” те мықты екен. 1976 жылы шыққан бұл көлік әлі жүріп тұр. Америкадағы бір таксист мінген екен. Қазір оның “пробегі” 4.6 млн шақырымнан асып кетті!

novate.ru

https://kaz.365info.kz/shan-basyp-ali-tyr-ymyt-khalgan-subaru-avtosalony-bar-eken-301642

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз