Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Жарлық шықты, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
Құжатқа сай, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып,
қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Астана» республикалық телеарнасының бас директоры – Танысбай Ләззат Мұратқызына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары мына адамдарға тапсырылатын болды: Әділова Айгүл Нұрханқызына – «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;
Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасарына отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін.
Сондай-ақ, бірқатар БАҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланатын болды:
«Алматы» телеарнасының шығармашылық ұжымына отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін; «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
«Балдырған» республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін;
«Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы» шығармашылық ұжымына Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін.
Дерек көз:Қазақпарат