Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашогуз қаласы билігі президент Ғұрбанғұлы Бердымухамедовтің сапарына қызу дайындалып жатыр. Жолдарды тазалап, көзге көрінетін ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Азық-түлік бағаларын да уақытша түсірген.
12 ақпанда өтетін президент сайлауы қарсаңында Демократиялық партия атынан үміткер, қазіргі президент Бердымұхамедов Мары, Балкан және Лебап аймақтарына барып, сайлаушылармен кездесіп, халықтың қолдауын сұраған.
Дереккөзге қарағанда, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері базарларға тексеру жүргізіп, азық-түлік бағасын түсіруді талап еткен. Мысалы, 50 литр күнбағыс майының бағасы 60 манат болса, (шамамен 18 АҚШ доллары) президент келер кезде, майдың бағасын 45 манаттан (шамамен 13 АҚШ доллары) асырмау керек. Жергілікті сүт өнімдері 4-5 манат болса (1,43 АҚШ доллары), енді литрін 1 манатқа (0,29 цент) сатуды бұйырған.
Дашогуз кәсіпкерлері мәжбүрлі түрде бағаны түсіруді талап ету шығынды өсіреді дейді. “Бізге бұйырған баға ешқандай пайда әкелмейді. Мұндай жағдайда біз жұмыс істей алмаймыз”, – дейді кәсіпкерлердің бірі.
Бердымұхамедов сайлауға түсетін өзге үміткерлердің пайдасына телесайысқа шығудан бас тартқан. Бірақ оның аймақтарға сапарын телеарналар күндіз-түні көрсетіп жатыр.