Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Позор страны” деген атаққа қалдым”. Баян Алагөзова өз кемшілігін мойындады

https://kaz.365info.kz/ayagy-auyr-siyakhty-zhalanash-suretterin-zhelige-salmajtynyn-ajtkhan-bayan-kydikke-ilindi-309743

Тамақ, балаларға қарау тек әйелдің мойнында. Міне, осындай принциппен өмір сүреді.

Ал әйелдің көңіл-күйіне кім қарайды, кім жылы сөздер айтады, ол ешкімге керек емес. Иә, дұрыс, күйеуін құрметтеу керек, бірақ бұл «әр айтқанына бағыну» деген сөз емес. Осы тақырыпты көтеремін деп, «позор страны» деген атқа ие болдым.

Десе де, бұл ұстанымымнан қайтпаймын.

Шымкентте тұра алмас едім…

– «Шымкент – мемлекет ішіндегі жеке бір мемлекет секілді. Шымкентті жақсы көремін, Шымкент мені жақсы көреді, әсіресе, жастар» дер едім.

Әйткенмен ұзақ уақыт бойына Шымқаланың менталитетін түсіне алмадым. Әлі күнге түсінбеймін. Мен күнгейдің қыз-келіншектері сияқты күйеуінің қабағын бағып, көңілін табуға жаралған жан емеспін.

Олар болса, бағынып тұрып, басқарады. Ызаланып тұрған еріне еркелеп, жылы сөздерін айтып, қазір ғана ызаға булыққан әрекетін ұмыттырып жібереді. Мен батыстың қызымын. Батыстың әйелдері бұрыннан ерлермен қатар аттың үстінде шауып, жаугершілікке шыққан. Сол үшін қатыгездеу болып келеміз. Шымкенттің басты айырмашылығы — келісімге келу жүйесі қалыптасқан. Барлығын келісуге болады.

https://kaz.365info.kz/bayan-ba-khoyan-ba-baribir-tysipbaeva-bayan-alagozovamen-arasyndagy-dau-orshi-tysti-301805

Шымкенттіктердің жайдары мінезін дәруменнің көптігімен байланыстырамын. Сіздерде жеміс-жидек, көкөністердің түр-түрі өседі. Соған қарамастан, бұл қалада, мұндай менталитеттің ортасында тұра алмас едім.

Бәрі мені темірден жаралған деп ойлайтын сияқты…

– Иә, әліге дейін толық айыққан жоқпын, өзіме келіп жатырмын деуге болады. Сол оқиғадан кейін жанымда, денемде жара қалды, жобаларым тоқтап қалды. Бірақ өмір жалғасып жатыр. Қайтадан жұмысыма кірістім. Иә, бұрынғыдай бар күшіммен, бар ынтаммен болмаса да, біраз тірлік тындырдым. Халық болса, менің жағдайымды түсінбей, тек сынға алды. Толық есімді жиюға мүмкіндік бермеді. Журналист, блогерлер ақ-қарасын білмей, ойына келгендерін жазды.

Маған кішкене уақыт беруге болатын еді ғой. Біздің халықта жан ашу деген жоқ, қатігез. Менің де біреудің қызы, анасы, одан қала берсе әйел екендігімді ұмытты.

https://kaz.365info.kz/ketti-onyn-betin-byzyp-zhan-ahmadiev-bayan-makhsatkhyzyn-reppen-zherden-alyp-zherge-saldy-261251

«Темірден жаралған» деп ойлай ма білмеймін, «қателік жасауға мүмкіндігі жоқ» деп есептейді. Бірақ, айналайындар, мен де сендер сияқты еттен жаралған тірі адаммын, қателік жасауға құқым бар. Басыма түскенді жауыма да тілемеймін.

Селфиге түспеймін…

– Иә, мұны да айта кетейін, әйтпесе, ертең «Баян адамдарды менсінбей кеткен» деп жазатындар табылады. Көзім жаралы болғаны үшін селфи жасамаймын.

Камераға жақын арақашықтықта және тік қараған кезімде көзімдегі зақым қабынып кетеді.

https://kaz.365info.kz/ozine-kharap-alsyn-bayan-makhsatkhyzy-khajyn-sinlisinin-sozderine-zhauap-berdi-video-281833

Дерекөз: Отырар телеарнасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз