Жақында ғана өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке күйеуіне еден жуғызып қойды. Жақында жарияланған видео Қазнетті шулатып, талқыға түсті.
Видеоны өз парақшасына Мереке жүктеген екен. Әзіл ретінде түсірілгенімен, көбісінің шамына батып, қысқа минутты әзіл видеодан бір шындық пен сын табуға тырысып жатты:
“Ұят екен,позор”, “Енең көріп, намыстанып отқан болар”, “Қатынға жағаласпай, ауланың жұмысымен аралас, бауырым”, деп өз ойлары мен пікірлерін қалдырып жатты желідегілер.