Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Порошенко АҚШ-қа «дұрыс» кадрлық шешімдерді сатып отырған

221
Сурет: Vesti.ru

Украинаның бұрынғы президентін әшкерелейтін жазбалардың бар екендігі туралы Жоғарғы Рада депутаты Андрей Деркач айтып берді.

Депутат қолындағы дәлелдерді «тергеуші-журналистен алған. Оларды Бас прокуратураға тапсырды. Осылайша, депутат Порошенконы мемлекеттік айыптай отырып, қылмыстық іс қозғады.

Бұл идеяға депутат Ирина Верещук қолдау білдірді. Ол қолындағы материалдарды «даулы» деп атап, жарияланған сөйлесулерді тергеу бойынша уақытша комиссия құруды ұсынды.

Айыптау неге құрылған?

Деркачтың айтуынша, көп сағаттық келіссөздер

Украинаның бұрынғы президенті АҚШ өкілдерімен өз іс-қимылдарын келісіп отырғанын дәлелдейді

Бірінші кезекте АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарған Джо Байденнің келісімін алған. Бұрынғы Мемлекеттік хатшы Джон Керри туралы да сөз болды. Атап айтқанда, телефон арқылы кадрлық шешімдер туралы  әңгіме  болған.

Бұл эпизодты айтарлықтай үлкен жаңалық деп атауға болмайды. Ол Украиналық Burisma атты мұнай компаниясының ісін тергеумен байланысты. 2014 жылы оның директорлар кеңесіне сол кездегі вице-президенттің және қазіргі АҚШ президентіне кандидаттың ұлы Хантер Байден кірді.

Энергетика саласының маманы болмаса да Байден Украинада айына 50 мың доллар алып отырған

Сонымен қатар, Байденнің Rosemount Seneca Partners компаниясы консалтингтік қызметінің ақысы ретінде Burisma-дан ай сайын 166 мың доллардан алған. Бұл фактіге қатысты Украина прокуратурасы тергеу жүргізді.

Шығыс Еуропадағы энергетикалық саясат Үлкен Байден жетекшілік еткен мәселелердің бірі болды. Атап айтқанда, ол Украинаны Ресейден «энергетикалық тәуелсіздікті» алуға шақырды.

Сондықтан оның ұлын тағайындауда мүдделер қақтығысы мен непотизм (лауазымның адамға кәсіби қасиеттерінің арқасында емес, туысқандық немесе танысу құқығы бойынша берілуі) байқалды. Алайда, Хантер өз мерзімін толық аяқтады.

Прокурорға наразылар

Оқиға 2019 жылы жалғасын тапты. Джо Байден Дональд Трамп Хантер Байденнің жұмысын әшкерелейтін дәлелдер алу үшін Владимир Зеленскийге қысым көрсеттті деп мәлімдеді. Бұл тақырып Президент Трампқа импичмент шығару процедурасының негізі болды.

Жарияланған аудиожазбалар 2016 жылы жазылса керек. Онда Джон Керри (немесе даусы ұқсас адам) Петр Порошенконы (немесе даусы ұқсас адамға) бас прокурор Виктор Шокинді жұмыстан босату қажеттігіне сендіруге тырысуды. Ол Burisma компаниясының ісін тергеді. Виктор Шокиннің «бас прокуратураны тазалау процессін бұғаттауы» оны орнынан алып тастауға себеп болды. Мәселе 1 млрд доллар несиелік кепілдеме туралы.

Бас прокурарор үшін миллиард доллар

Екінші эпизодта бас прокурордың орнына кімді тағайындайтынын талқылайды. 2016 жылдың сәуір айында Виктор Шокин орнынан кетті, ал бұдан бірнеше апта бұрын Порошенко оның ісін ары қарай жалғастыруға кімді қоятыны туралы (Ол Брий Луценко болды) Джо Байденмен  келісті. Мәселенің құны өзгерген жоқ, ол да миллиард доллар тұрады.

«Егер сізде жаңа үкімет пен жаңа бас прокурор болған жағдайда, мен 1 млрд доллар тұратын міндеттемеге жария түрде қол қоюға дайынмын.

Алайда,

мен сізді белгілі бір іс-қимыл тәртібін қабылдауға міндеттеп жатыр  деп ойламауыңызды сұраймын. Дегенмен, Халықаралық валютлық қордың талаптары орындалмайынша, соңғы шешім қабылданбайды», 

—дейді Байден.

«Өте күшті мотивация. Ықтимал кандидаттардың бірі менің фракциямның көшбасшысы Юрий Луценко <.. > Егер саяси дәлелді фигура сәйкес келмейді деп ойласаңыз, мен өз ұсынысымнан қайтарып аламын.

Менің Луценконы ұсынатынымды ешкім білмейді.  Мен бұл үдерістен барлық саяси мүдделі адамдарды алып тастаймын», —деп жауап береді Порошенко.

Деркачтың мәлімдеуінше, Украина президенті АҚШ вице-президентіне Юрий Луценкодан америкалық елшілікпен «байланыста болуын» сұрағанын және Киевте америкалық прокурорды «көмекші және кеңесші» ретінде қабылдауға дайын екенін айтады.

Порошенко «украинадан шыққан және егделеу адам» туралы нақты айтты. Кейінірек  шыныменде бұндай адам пайда болды — АҚШ-тың Бас прокурорының бұрынғы көмекшісі Богдан Витвицкий. Ол Юрий Луценконың штаттан тыс кеңесшісі болды.

Премьерді алып тастау қажет

Үшінші эпизодта, 2016 жылдың ақпан айында Украина премьерасы Арсения Яценюктің отставкасын талқылайды. Андрей Деркачтың пікірінше, дәл осы әңгімені Украина президенті жасаған мемлекеттік сатқындық ретінде қарауға болады.

«Үкіметке сенімсіздік туралы қаулы дауысқа салынғанда,  барлығын менің және басқа фракцияларда дауыс жетпейтіндей етіп ұйымдастырдым. Премьер-министр де, өз үлесін қосты, бірақ мен уәде бергендіктен отставкаға жіберуге кедергі болдым.

Енді төрт фракцияның екі фракциясы коалициядан кетті, парламенттегі қолдаушыларымыз азаяды», — дейді Петр Порошенкоға ұқсас адам өзінің сұхбаттасына схеманың егжей-тегжейін ашады.

Тараптар қажетті қолдау болмаған жағдайда Владимир Гройсманның кандидатурасы қаралады деп келіседі, ол кейіннен осы лауазымға ие болды. Әңгімеге қарағанда Министрлер кабинетінің ауысуына әкелген саяси дағдарыс жасанды түрде жасалғанын айтады. Бұл туралыс сол жылы 14 сәуірде қызметінен кеткен  Яценюктің өзі де айтты.

Алдын ала болжанған реакция

Порошенко жанжал туралы пікір білдірді. Бұл Кремлдің қолымен жасалған деп, ол алдын ала болжанған жауап берді.

Жазбалар Зеленский кеңсесінде Кремль агенттерінің көмегімен Ресейде жазылған. Украинада олар олигарх Игорь Коломойскийдің «ресейлік реваншты» қолдайтын медиаресурстары арқылы таралды.

Джо Байден штабы да осындай мәлімдеме жасалды. Олар

бұл оқиға қолдан жасалған және түкке тұрғысыз, еш құндылығы жоқ оқиға деп сендірді»

Ал Деркачты Ресеймен байланыста деп кінәләді.

Бір қызығы, Дональд Трамп бұл туралы ештеңе айтпады. Ол үшін бұл президенттік жарыстағы жалғыз бәсекелесіне соққы берудің тамаша себебі. Сонымен қатар Байденнің импичмент жасау әрекеті үшін кек алуға болады.

Украина билігіне келетін болсақ, әзірге бәрі тыныш. Зеленский  басқа да істер болады деп қорқытты. Бірақ қазір іс тергеу сатысында және Порошенко мен оның командасына қатысты ондаған қылмыстық іс бар. Оның ішінде мемлекетке опасыздық жасау  бабы бойынша да.

Әрине, екі елде де дау-жанжалды  жоюға тырысуда. Байденге Украинаның саяси элитасының бірнеше буынын өсірген Демократиялық партияның ескі гвардиясы тұр. Бұл адамдардың Порошенко берген көптеген уәдеге және уағдаластыққа байланысы бар.

Істі қарау жаңа фактілердің пайда болуына ықпал етеді. Ескі қайырымды элитаның орнына саясаткерлердің жаңа буыны келеді. Оларға Украина да, оның да жанжалдары да қызықсыз болуы мүмкін. Сол кезде Украина қолдаудан, соның ішінде қаржылық қолдаудан айырылып қалады. Ал қазір Киевте бұны қалайтындар аз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз