Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Өшір!”. Өзбектер желіге жалаңаш суретін салатын әншілерді жазалап жатыр (видео)

486

«Өзінің тәнін көрсетіп, бөксесін ашып атын шығаратын өзбек әншілерінің әрекеті бүтін ұлтты аздырып болды. Өсіп  жатқан ұрпақ әлеуметтік желіден осының бәрін көріп отыр. Біз солардың алдында айыптымыз, ұяттымыз. Жалаңаштанып күн көретін жұлдыздарды іс-әрекетіне тыйым салатын, қатаң жазалайтын кез-келді. Ұяттары жоқ…” деп жазыпты басылым.

Осы іспен тікелей айналысып жатқан “Өзбекнауо” бірлестігі желіге жалаңаш суретін жариялаған әнші мен әртістің лицензиясын тартып алмақ. Бұл дегеніңіз, әлгі адамның әрі қарай ән айту құқығынан айырылатынын білдіреді.

Ал өзбектің Мәдениет министрлігі: “порнографиясын жұртқа паш ету барып тұрған ақымақтық. Бұлар өзін ғана емес, қоғамды да бүлдіріп болды” дейді.

 

Бұдан бұлай кеудесін ашқан немесе арқасын жалаңаштаған әншілердің суретін көрсе, министрлік әлгілерді қатаң жазалайтын болады.

«Осы күннен бастап біз әншілердің әлеуметтік желідегі парақшасынан аңдитын боламыз. Ұятсыз сурет пен видеоларды көзіміз шалса бірден өшіруді талап етеміз. Ал сөзімізге құлақ аспаған әншілердің лицензиясын тартып аламыз” дейді бұл ретте “Өзбекнауо” бірлестігінің төрағасы Одилбек Әбдукахаров.

Бұл заңның арты неге алып келері белгісіз. Өзбектің әнші-әртістері бұдан кейін жалаңаштануды қояр ма екен?

 

 

Суреттер әлеуметтік желідегі Атамның басы-ай тобынан алынды. 

https://www.youtube.com/watch?v=I6u6jQHjsw0

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз