Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру cпортынан жеңімпаз атанған поляк спортшысы Петр Малаховский күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберді.
Бұл туралы поляк спортшысы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Атлет осы жазғы Олимпаиада ойындарында ұтып алған күміс медалін 126 мың долларға сатқан. Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алыпты.
«Мен Олекке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олектің еміне жұмсалатын болады», – деп жазды ол.