Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Польшаның Семятыче қаласында өткен кездесуде жеңіске жетті.
Ол 8 раундтық жекпе-жекте Гамбиядан келген спортшымен жұдырықтасқан.
Айта кеткен жөн, 21 жастағы отандасымыз кәсіби мансабын былтыр мамырда бастаған. Бұл оның алтыншы жеңісі болып отыр. Олардың төртеуі нокаутпен аяқталған.
Негізі, Семятычеде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері өнерін көрсеткен. Әли Балоев – қарсыласы поляк боксшысын техникалық нокаутпен жеңді.