Польша өкілдеріне Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі өте әсерлі болған көрінеді – олар қазақстандық көрменің құрметіне арнайы пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Польша поштасы ЭКСПО-2017 арналған пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды әлеуметтік желідегі “Астана ЭКСПО-2017” парақшасы. Марканың тиражы 120 мың дана.
“Нұр Әлем” павильоны
Пошта маркасының ортасында қазіргі Қазақстанның символына айналған бәйтерек орналасқан.
“Ең алдымен, мен Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесінен қатты әсер алдым.
Шыныдан жасалған, шар тәріздес, көпірі бар орталық ғимарат керемет сезімге бөлейді.
Ұйымдастыру, әсіресе, логистика жоғары деңгейде болды. Барлығы кәсіби деңгейде болғаны көріп тұр”, — деп мәлімдеді Польша пошта басқармасының мүшесі Павел Сковоротко.
Польшалық пошта қызметі Астанада Қазпоштамен серіктестік құру туралы келісімге қол қойды.