Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Полицейлердің былық-шылығын ашқан іс: Өтеуов 22 жыл емес, 5 жылға сотталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті тұрғын Дмитрий Кимді ұрлап өлтіргені үшін 2016 жылы 3 мамырда сотталған бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовтің мойындау хатынан соң ұсталды. Өтеуов жазған хатында марқұмның туған-туыстарынан кешірім сұраған, сонымен қатар басшылықты осы және басқа да тапсырыс берілген кісі өлтірулерге, бизнесмендерді бопсалауға, айғақтарды бұрмалауға және басқа да ауыр қылмыстарға қатысқаны үшін айыптаған.

26 желтоқсан күні сотталушы Александр Ким, Али Қабдешев, Аслан Хайруллин және Азидулла Баянов процестік келісімге келіп, кінәларын жартылай мойындаған. Осы төрт бұрынғы полицей мен Манарбек Өтеуовке шығарылған үкім сейсенбі күні қысқа үзілістен соң оқылды.

Манарбек Өтеуов Хайруллин мен Ким ҚР Қылмыстық кодексінің 416, 412 баптары бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Баянов ҚР Қылмыстық кодексінің 369,362-баптары бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, жаза мерзімін жалпы тәртіпті колонияда өтейді.

Қабдешевке 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, ол да жазасын жалпы тәртіпті колонияда өтейді. Өтеуовке 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейтін болады. Бұдан бұрын ол 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Қалған төрт сотталушы – Ернар Іздібаев, Нұржан Оразғалиев, Азамат Достанов пен Ілияс Стамғалиев – процесстік келісімге келмеді. 27 желтоқсан күні олар екі жақтың пікірсайысына қатысып, содан кейін соңғы рет сөз сөйледі. Іздібаев кез келген адамның қателесуі мүмкін екендігін айтып өтті. Атыраудағы сотталушы полицейлер Достанов он жыл бойы полицияда қызмет етіп келе жатқанын айтып, көптеген марапаттауларға ие болғандығын мәлімдеді. Оразғалиев пен Стамғалиев аталған қылмыстарға қатысы жоқ екенін айтты. Төртеуі де сот үкімінің әділетті болуына үміттенеді. Прокурор төртеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз