Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Полицейлер мініп тастаған ескі мәшинелерді сатып алуға болады екен

Сатып алу бәссауда тәсілімен жүргізіледі, ал бастапқы бағасы төменнен басталады. 2007 жылы шығарылған Mitsubishi Lancer көлігі 1,6 миллион деп бағаланады, ал базарда оның орташа бағасы – 1,7 миллион теңге. Кейінгі жылдары шығарылған модельдер – 2,3 миллион деп бағаланса, базарда оның құны – 2,5 миллион теңге.

© kolesa.kz

Басылым мәліметінше, сатылымда тұрған көліктер арасынан бірегей көліктерді де табуға болады. Мысалы Volkswagen Santana Vista маркалы көлігі, қытай саудасы үшін шығарылған седан, ол ескі Passat негізінде құрастырылған. Қарапайым адамдар арасынан мұндай көлікті сатып алу мүмкін емес, бірақ оны іздеушілер де көп емес. Бірақ оның бағасы тиімді: бастапқы құны 807 мың теңгеден басталады.

© kolesa.kz

Бәссаудада өз бағын сынап көремін деушілерге қатысушы ретінде тіркелу қажет. Бұл үшін аты-жөніңіз, ЖСН және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) толтыру қажет. Тіркелгеннен кейін өзіңізге ұнаған лотқа тапсырыс беру үшін арыз толтыру қажет. Бұл жерде екі нәрсеге назар аударған жөн: тапсырыс беру бәссауда басталғанға дейін екі сағат бұрын басталады. Арыз берген сәтте міндетті түрде кепілдендірілген төлем жасау керек.

© kolesa.kz

Кепілдендірілген төлем сомасы бекітілмеген. Ол нысанның бағасына байланысты: егер “Лансер” 2007 жылғы болса 241 мың теңге төлеу керек, ал “Нексияға” – 129 мың теңге. Бәссаудада жеңіліп қалғандар ақшасын қайтарып алады, ал ұтқандар осы соманы төлем ретінде пайдаланады. Аукциондар сейсенбіде және жұмада Астана уақытымен сағат 10.00 мен 17.00 аралығында өтеді, алайда мерекелік күндер есептелмейді. Бәссауда кемі екі сатып алушы болғанда өтеді. Тура осындай жағдайда баға өседі. Егер екі адамнан аз болса – аукцион іске асырылмайды.

© kolesa.kz

Кейбір лоттар сауда кезінде бағасы өсуі де мүмкін, түсуі де мүмкін. Қатысушы кез келген бағаны айта алмайды. Егер көліктің құны 20 000 АЕК-тен төмен болса, өсуі 10 пайыз, төмендеуі – 5 пайыз. Жеңімпаз 17.00-де анықталады, ал онымен келісім бәссауда біткен соң он күннің ішінде жасалады. “Тіркеуден шығарылған полицейлер көлігін сатып алу – жақсы идея, бірақ әрине күмәнді. Патрульдік көліктердің жүру мөлшері аз емес, жұмыс істеу уақыты да тым көп. Оның әрқайсысы жол-көлік оқиғасына тап болған шығар, оларға лайықты жөндеу жасалды дегенге сену қиын, ал көліктің салоын туралы айтпасақ та белгілі, суретте барлығы көрсетілген”, – деп жазылған сайтта.

© kolesa.kz

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз