Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Пісміллә” дегеніне сеніп едім…”. Жат ағымда болған ақтөбелік бар шындықты айтты

390

Дархан (есімі өзгертілген) өзінің дінге деген қызығушылығы ІІ-курста оқып жүргенде оянғанын айтады.

Пісміллә деген аузында сөзі бар адамдардың айтқандарының бәрі дұрыс деп ойладық

«Дінге деген қызығушылығым оянып, өз бетімше ислам жайлы уағыздар тыңдай бастадым. Абдуғаппар Сманов, Дарын Мубаровтың уағыздарын тыңдап жүрдім. Кейін қаладағы «Нұрдәулет» мешітіне жақын дүңгіршектердің бірінен «Намаз оқып үйренейік!» деген кітапты сатып алып, намаз оқуды үйрендім.

Әуел баста, осы кітаптан үйренгенім бойынша оқып жүрдім.

Бірақ кейін бірер намазхан бауырларым бұлай оқу дұрыс емес деді. Сөйтті де, өздерінің оқылу тәртібін үйретті.

Солардың айтуы бойынша, намазды қайта-қайта қол көтеріп оқып жүрдім. Әминді сырттай айтатын болдым. Сақал қойдым, балақты қысқарттым. Әйелім де арнайы ниқаб кимесе де, орамалының шетімен бетін жауып, бүркеніп жүрді.

Қазір ойлап отырсам, бастапқыда бізде сыртқы келбетке деген еліктеушілік басым болған сияқты. Солар не жасаса, соны қайталадық. Діннің дұрысы осы деп ойладық. Бір жағынан, исламды енді тани бастағаныңда кез-келген ақпаратты тез қабылдауға бейім тұрасың ғой», – дейді ол бастапқыда діни сауатының аз болғанын жасырмай.

https://kaz.365info.kz/vahabtar-kobejip-ketedi-dep-khylsarydagy-katolik-shirkeui-ne-bylykhtyryp-zhatyr-279507

Содан аузында бісмілләсі бар адамдардың айтқанының бәрі дұрыс деп санағанын да айтады ол.

Имамды тыңдамаңдар деді

«Басында діни кітаптарды сатып алып оқитынмын. Неке, исламдағы отбасы, сахабалардың өмірі жайлы. Бірақ мешіттегі имамдардан арнайы сабақ алған жоқпын. Оған да бұрынғы ортам әсер еткен шығар.

Себебі, олар имамдарды тыңдамаңдар деп айтатын.

Бір отырыста сондайды өз құлағыммен естігенім бар. Бірақ қай имамды айтқаны нақты есімде жоқ», – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/myftiyatta-salafitter-negyp-zhyr-dindar-ykhk-men-khmdb-ga-ashykh-hat-zholdady-277275

«Әлгі өзіңіз айтқан ортаның бұрыс жолда екендігіне қалай көз жеткіздіңіз» деген журналист сауалына:

«Былтыр күзде Ақтөбеге көп теолог мамандар келді. Жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонда Бауыржан Әлиұлы есімді ұстаз менімен жеке сөйлесті. Намазды қалай оқисың, дәретті қалай аласың деп сұрады. Бәрін жасырмай айттым, қарсылық танытқан жоқпын. Кейін ол мәзһаб ұстану керектігін айтты. Маған бұрын намаз үйреткен жігіттер адасып жүр деді.

https://kaz.365info.kz/kelinnin-salem-saluy-shirk-tazabekovtin-osylaj-degeni-ras-pa-277279

Олардың тек намазда емес, Алланы тануда да қателіктері бар екен. Алланы адамға ұқсатады, оған ағза, мекен береді дегендей. Шыны керек, бұл мәселеде менің білімім аз. Осы уақытқа дейін ол туралы ешкіммен тартысып та көрмеппін. Ал Бауыржан деген ұстаз маған осының бәрін түсіндірді. Алла ешбір жаратылысқа ұқсамайтындығын, Оған ағза беру дұрыс еместігін айтты.

Осы кездесуден кейін көп ойландым.

Өтірік айта салады, жала жаба салады…

Онсыз да соңғы кезде намазхан таныстарымның кейбір істері маған ерсі болып көрінетін. Суннамен жүреміз дейді, бірақ екі сөзінің бірі былапыт-бейәдеп. Кейбіреуі шегеді деп те еститінмін. Қарыз алса, қайтармайды. Адамға мурджи (адасқан ағым) не басқа деп оңай жала жаба салады. Көздерінде түк мейірім жоқ. Шыны керек, осыдан кейін олардан жиреніп кеттім. Істері мұсылманшылыққа жат мүлдем.

Суннамен жүреміз дегендері әшейін сөз ғана.

https://kaz.365info.kz/bekbolatta-bar-baskhalarda-zhokh-ajtysker-khyz-ajtkhan-nagyz-erkekter-kim-foto-275146

Қазіргі таңда «Нұр Ғасыр» мешітіндегі діни сауат ашу курсына барып, ұстаздардан сабақ алып жүрмін. Негізі қалада тұрмаймын. Жеке көлігім болғандықтан, ауылдан қатынап болса да, келіп жүрмін. Себебі білімнің маңыздылығын түсіндім», – дейді ол. Дархан сөз соңында дінге жаңадан бет бұрушы жастарға да өз кеңесін айтты. «Білім алу керек. Бірақ, беталды емес. Мешіттен, имамдардан. Теологтарды тыңдау керек. Елімізде саған ешкім намаз оқыма, дінді ұстанба демейді. Оған толық еркіндік берілген. Соның қадірін білуіміз керек», – дейді Дархан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз