Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Петропавлда жоғалды деген оқушы қыз жігітінің үйінде қонақта болыпты

15 жастағы Антонина Филиппованың әке-шешесі қыздарының 2 күн жоқ болғанына қарамастан алаңдаушылық білдірмеуін оның осыған дейін осылай сұранусыз жоқ боп, қайтып келетін әдеті барымен түсіндірген.

Бұл іске қатысты іздеу шарасы ұйымдастырылды. Қаладағы компьютерлік клуб пен ойын-сауық орындары тексерілді.

Іздеу кезінде полиция қызметкерлері қыздың қайда болғанын анықтады. Жоғалған қызды көргені туралы Солтүстік Қазақстан облысындағы адамдар полицияға хабарлап, мәлімет берген. Қыз Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Молодежное ауылында болып шықты.

«Анықталғандай, ол интернет арқылы жігітпен танысып, оған қонаққа барған», – дейді Петропавл қалалық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Асан Мейрамов.

Қазір оқушы қыз үйінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз