Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Петропавлда оқушы қыз жоғалып кетті

Петропавл қалалық ішкі істер департаментіне қаладағы бір мектептің басшылығы арызданған. Екі күн бұрын сабаққа кеттім деп үйінен шыққан 15 жастағы Антонина Филиппова ұшты-күйлі жоқ. Бұл фактіге байланысты іс қозғалып, іздеу жарияланды.

Оқушының шешесі қыздың осылай бір-екі күнге сұранбай кетіп қалатын әдеті болғандықтан бірден полицияға хабарласпағанын айтқан.

Қазір жергілікті полиция оқушы қыздың болуы мүмкін барлық мекен-жайларды тексеріп жатыр. Қыздың белгілері: орташа денелі, бойы – 160-165 см, шашы сары, ұзын, көзінің түсі – көгілдір.

Үстінде сұр түсті күртешесі, қоңыр түсті шарфы, жеңі жоқ қара көйлегі, қоңыр түсті қыстық етігі болған.

Бұл қызды көріп немесе ол туралы мәлімет білген жандар болса, мына телефондарға хабарласу сұралады: 102, 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-707-625-90-14, 8-707-724-42-91, 8-707-507-71-64.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз