Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Петропавлда 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды

2013 жылы 51 жастағы ер адамның жоғалғанын оның туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған. Содан бері бұл қылмыстың беті ашылмапты. Кейін анықталғанындай, із-түссіз жоғалған азамат араққұмар, бөтелкенің құрбаны болған. Яғни күдікті сол күні танысымен бірге арақ ішіп, арты жанжалға ұласыпты. Жаға жыртысқан екеудің төбелесінде күдікті марқұмды темірмен басынан ұрып, мерт қылады. Ал мүрдені алысқа апармай, өздері арақ ішкен үйдің жертөлесіне көміп тастаған.

1978 жылғы күдікті өз қылмысын мойындап, құрбанын көмген жерді де көрсеткен. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз