“Әл Каидамен” байланысты “Имам Шәміл батальоны” экстремистік тобы Петербургтегі жарылыс жауапкершілігін өз мойнына алды. Бұл туралы SITE Intelligence Group – Террорлық әрекеттерді зерттеу тобы хабарлады.
Хабарларға қарағанда, экстремистік топ тағы да теракт жасаймыз деп қорқытқан.
Петербург метросындағы теракт 3 сәуірде болды. Шабуыл салдарынан 16 адам қаза тапты. Олардың арасында жарылысты жүзеге асырды делінген жанкешті Акбаржон Жалилов та бар.