Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Педофилдер көп тіркелген өңірдің бірі Қарағанды облысы екен

Облыстар бойынша қарайтын болсақ, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелген.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұндай фактілер Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейе түскен», – делінген комитеттің «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өткеніндей, кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты химиялық кастрация жасау мәселесіне келетін болсақ, аталмыш норма «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заң» бойынша 2018 жылы 1-қаңтарда заңдық күшіне енеді.

Сонымен қатар елімізде ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді.

Бұл мәліметтер аталған комитеттің порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз