Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Педиатрлер одағының басшысы КВИ-дің балаларда қалай өтетінін айтты

722
Сурет: CHROMORANGE / Bilderbox

Сарапшының айтуынша, кішкентай пациенттердің 60-62%-ында аурудың симптомдары байқалмайды, тағы 20-25%-ында індет жеңіл түрде өтеді.

«Ересектерге қарағанда балалар коронавирустық инфекцияны сирек жұқтырады, —

деген Боранбаеваның сөзін inform.kz келтіреді —

Негізінен респираторлық белгілер пайда болады, сондықтан ЖРВИ-ға ұқсайды. Көбінесе дене қызуы, жөтел, интоксикация белгілері: әлсіздік, бұлшықеттерінің ауырсынуы байқалуы мүмкін. Жиі кездесетін симптомдардың бірі – диарея. Бұл негізгі белгілер.

Балалаға ерекше емдеу әдісін қолдану қажет емес. Бұл ауру симптомсыз өтеді, үйде әдеттегі вирустық инфекция ретінде емдеуге болады.

Орташа және ауыр нысандар өте сирек кездеседі. Негізінен олар қосалқы патологиямен байланысты болады. Яғни денсаулығында проблемалары бар, созылмалы, онкологиялық, тұқым қуалайтын аурулары бар балаларда орташа және ауыр жағдайда өтуі мүмкін.

Біз үнемі республика бойынша мониторинг жүргізіп отырамыз. 20 шілдеде коронавирустық инфекция диагнозы қойылған 164 бала тіркелген, оның 15-і жаңа туған сәбилер. 102 балада ауру симптомсыз, 42 балада жеңіл, 13 балада орташа және жетеуінде ауыр түрде өтуде. Бірақ бұл балаларда ілеспе патология болды.

Негізінен коронавирус респираторлық инфекция ретінде емделеді: жылы  сусындарды, құнарлы, теңдестірілген тамақты көбірек ішу керек. Егер мұрын бітеліп қалса, мұрынға тұзды тамшылар тамызуға болады.

Балаларға қандай да бір арнайы вирусқа қарсы препараттар ұсынылмайды, себебі бүгінгі күні «ковидті» инфекцияға әсер ететін арнайы вирусқа қарсы препараттар жоқ

Қолда бар вирусқа қарсы препараттар басқа вирустық инфекцияларда қолданылған. Қазір бұл препараттарға клиникалық сынақтар жүргізіліп жатыр, олар тек ересектерге қолданылады. Егер балалардың 80%-ы симптомсыз немесе жеңіл түрде ауырғандақтан,оларды вирусқа қарсы препараттармен емдеудің қажеті жоқ деп есептейміз».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз