Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Педагогтар Қалиевтің ғылымның мәртебесі мен ақшасын «жалмауға» тырысты деген сөзіне жауап берді

202

Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ғани Қалиев аграрлық ЖОО-ларды ғылыми орталық мәртебесін тезірек алуға ұмтылғаны үшін сынға алды. Академик білім саласы бұл тандемде мүліктермен бірге  ондаған жыл бойы жинақталған ғылыми жетістіктерді де игеріп кететініне күмән келтіреді. Ғалым әріптестерін алдымен өзінің тікелей функцияларын түсінуге шақырды.

Академиктен алынған сұхбат шыққан күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешімімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (ҚАТУ) өздері қалаған дәрежесіне қолжеткізді

Енді оның құрамына үш ірі ҒЗИ — Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-практикалық орталығы,  Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ҒЗИ және Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ кірді. Бұдан басқа,  зерттеу университеті  Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясын да қанатының астына алды.​

Армандары орындалды

«Осылайша, ҚАТУ, әлемнің жетекші университеттері сияқты аграрлық ғылым мен кадрларды даярлаудың заманауи моделіне көшті, онда бір жүйеде зертхана-аудитория-өндіріс біріктіріледі», — деп хабарлады ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметі. — «Бұл үшін әлемдегі жетекші UC Davis ( АҚШ), AGROPARISTECH (Франция) аграрлық университеттерімен бірге ҚАТУ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірледі».

Қазақстан ғылымындағы қақтығыс: университеттер ғылыми орталықтардың ақшасы мен мәртебесіне көз салып отыр

ҚАТУ-дың аға оқытушысы Владимир Киян академик Қалиевтің сынына қарсы «шындыққа жанаспайды» деп жауап берді.

— Ғылым туралы заң бойынша зерттеу университетінің мәні — іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, — дейді оқытушы. – Аграрлық зерттеу университеті үшін бірнеше мәселе шешіледі. Университет базасында шетелдік ғалымдармен бірге жүзеге асырылатын бағдарламалар АӨК саласында заманауи әзірлемелерді енгізуге және заманауи ғылыми кадрларды дайындауға мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеулер жаңа білім беру бағдарламаларына айналады. ҒЗИ және тәжірибелік станциялар базасында кампустарда оқу есебінен студенттерді тәжірибелік даярлау күшейтіледі

Өндірушілерге білім берудің қазіргі заманғы орталығы құрылатын болады. Жетекші аграрлық университеттерде бұл орталықтар ғылымды өндіріспен байланыстыратын басты буын. Әрбір ғалым өндіріс проблемалары мен оның қажеттілігін нақты біледі және тиісінше АӨК-нің өткір мәселелерінің шешімін табады.

Уайымдайтын себеп жоқ

— Сіздердің университеттеріңіздің құрамына кірген ҒЗИ-лердің мәртебесіне не болады?

— ЖШС туралы заң бойынша (ҒЗИ-лердің басым көпшілігі осы кәсіпкерлік формасында тіркелген – ред. ) серіктестікке қатысушылар құрамының өзгеруі оны қайта ұйымдастыруды қажет етпейді. Яғни серіктестікке келіп кететін қандай да бір заңды салдары жоқ. ҚАТУ-ға берілетін ғылыми ұйымдардың да мәртебесі  толық көлемде сақталады. Қолданыстағы қызмет түрлері – ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу өзгертілмейді. Қазіргі заманғы материалдық-техникалық базаның және зертханалардың қол жетімділігіне басымдық беріледі. Шындығында, көптеген ҒЗИ-лердің осындай базалары қатты ескірген.

Сондай-ақ ғылыми жобаларға, бағдарламаларға және білім беру жүйесіне қатысу есебінен ғалымдардың жалақысы артады

Ғылымды қаржыландыру конкурс нәтижелері бойынша жүргізілетіндігі бәрімізге белгілі. Жоба авторларымен тікелей шарт жасалады. Ешкім және ешқандай ЖОО ҒЗИ бөлінген ақшаны өздеріне ала алмайды.

— Егер барлығы сіз айтқандай жақсы болса, неліктен ғалымдар мұнша қарсылық көрсетіп отыр?

— Неліктен интеграция болмай отыр? Қалиев мырза қалағандай ғылым мен білімнің нақты интеграциясы болмайды. Әлемдегі барлық зерттеу университеттері, соның ішінде Қазақстанда да бір ЖОО мен ҒЗИ құрылымындағы біріктіру есебінен құрылды. Мәселен, Назарбаев Университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Астана және Алматы зерттеу медициналық университеті.

Ғани Әлімұлы 2013 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» директорлар кеңесінің төрағасы болды. Содан кейін, 2015 жылдан 2017 жылға дейін ғылыми-білім беру орталығының директорлар кеңесін басқарды.

Сондықтан одан аграрлық ғылымға жас мамандардың неліктен келмегенін сұрау керек

Солтүстік және Орталық Қазақстанның селекциялық орталықтары неліктен азып-тозып кетті? Неге 10 млн га егістігі бар ғылыми зерттеу институтында  ғылыми дәрежесі бар төрт қана селекционер қалды?

Барлығы болды, бірақ…

— Академик Қалиев сансыз реформалар мен бір мекеменің басқа мекемеге ауысуына қатысты сын айтты. Олар өзінің тікелей жұмысынан алшақтап кетті дейді.

— Егер сіз екі орталықтың құрылуы туралы айтып отырған болсаңыз, Исмаил Тоқбергенов басқарған кездегі оқиғаларды еске алуыңызды сұраймын. «ҚазАгроИнновацияда» ол ғылымды дамыту департаментін басқарды.

Ол маған: «Академик Қалиевтің барлық ұсақ ҒЗИ-лерді жауып, тек екі орталықты қалдыру  туралы айтқан сөздері шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай идеяешқашан көтерілген жоқ. 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз жетекші шетелдік ғалымдармен бірге Шортанды кентінде Халықаралық ғылыми зерттеу орталығын құру жобасын әзірледік. Ол жетекші аграрлық елдердің тәжірибесіне сай болды. Онда ғылыми қалашықтың құрылысы және заманауи зертханаларды құру қарастырылған.

Құрылатын Халықаралық ғылыми орталық қазіргі өңірлік ҒЗИ дамуының локомотивіне айналуы тиіс еді

Бірлесіп орындаушылар ретінде аграрлық ғылымның  түрлі бағыты бойынша шетелдік ғалымдарды тарту көзделді. Егер сол маңызды жобаны іске асырсақ, біздің аграрлық ғылымымыз басқа жағдайда болар еді. Енді академиктің сұхбатынан осындай қажетті прогрессивті өзгерістерді  жүзеге асыруға кімнің кедергі жасағаны түсінікті болды».

—ҒЗИ-лердің есепшоттарын жапты ма, академик Қалиев не туралы айтып отыр?

— Бұл 2007 жылы «ҚазАгроИнновацияны» қайта құру кезеңінде ҒЗИ қаражатының жоғалуын болдырмау үшін қабылданған уақытша шара болды. Яғни, Қалиев мырза болжаған жобалауға еш қатысы жоқ.

Халықаралық орталықтың жобасы екі жылдан кейін, яғни 2009 жылы дайындалды.
Ғани Әлімұлы өз сұхбатында аграрлық университеттер, соның ішінде біздің университетте  кадрларды даярлау міндетін қажетті дәрежеде орындай алмай отыр деді.

«Әр бағаның өз бағасы бар, мұндай «жұмыс» техникасы жақсы жолға қойылған». Бұл сөздерді автордың ар-ұжданына қалдырайық. Айтпақшы, менің білуімше, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына басшылық еткен уақыт ішінде академик Қалиев бірде-бір рет біздің университетке келмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз