Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан ғылымындағы қақтығыс: университеттер ғылыми орталықтардың ақшасы мен мәртебесіне көз салып отыр

155

Жақында әлеуметтік желілерде Ауыл шаруашылық министрлігі аграрлық ҒЗИ мен ЖОО-ларды біріктіруге неліктен қарсы  деген қызу талас басталды. Мысал ретінде Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы Владимира Киянның  Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған жазбасынан үзінді келтіреміз. Бұл мақаланы ауыл шаруашылығы экс министрі, университеттің қазіргі ректоры Ақылбек Күрішбаев та өз парақшасында бөлісті.

Тәжірибеміз бар, ғылымды бізге беріңіздер

«ҚАТУ неліктен зерттеу университеті болуы керек? Қазіргі жағдайдан біздің еліміздегі ғылыми интитуттар мен ғылымның айналасында көптеген   талқылаулар мен әңгімелердің болғанын байқадым», — деп жазды педагог. — «Неліктен бүгін біз университеттің зерттеушілік дәрежесі туралы айтып отырмыз?! Бұл еліміздің экономикасының барлық саласына арналған ғылыми кадрды дайындаудың ең қысқа жолы. Біздің жағдайда бұл — аграрлық ғылымға арналған ғылыми кадрлар.

Әлемдегі көптеген жетекші университетер қолданатын, біз тәжірибеден өткізіп көрген жүйенің (аудитория-зертхана-өндіріс) орасан-зор артықшылықтары бар

Сондықтан тек бірлесіп жұмыс істей отырып (ЖОО-ҒЗИ-тәжірибелі станциялар) біз өндірісте нақты сұранысқа ие сапалы кадрларды дайындай аламыз. Біз бұл туралы тек айтып қана қоймай, оны көптеген ведомстволардың басшыларына, елдің бірінші тұлғаларына көрсетдік. Барлығы бұның дұрыс жол екеніне келіседі. Бірақ әйтеуір бір кедергі бар!? Біздің министрлік (АШМ) ешнәрсеге қарамастан,  ғылыми кадрларды даярлаудың балама үлгісін ұсынуға дайын ба?!»

Қазақстан ғылымы үнемі түрлі өзгерістерді бастан өткерді. Қазір елімізде аграрлық бағыттағы 24 ғылыми-зерттеу институты және 14 тәжірибелі станция жұмыс істейді. Бұл ұйымдардың барлығы өз бюджеттері, мүлкі мен кадрлары бар. Аз болса да бюджеті бар. Аграрлық ЖОО-лар да мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс алады, алайда олардың студенттерге тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектесетін материалдық базасы ҒЗИ-ға қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жоғары оқу орындарына ғылыми-зерттеу мәртебесі не үшін қажет деген мәселе төңірегінде 365info медиапорталына ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ғани Қалиев өз ойымен бөлісті.

Білім деңгейі көңіл қуантпайды

— Мұнда себеп көп. Бұл тақырыпқа бір топ ғалымдар бірігінп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қат жолдадық, —дейді ғалым.

— Яғни бұл бұрыннан келе жатқан тақырып қой?

— Бұл жауыр болған әңгіме. Мен қашанда ҒЗИ-ларды жоғары оқу орындарына беруге қарсы болғанмын. Университеттердің міндеті неде? Білім беру және оқыту. Олар бұл міндетінің өзін жақсы атқарып отырған жоқ.

Мен мәселен әр бағаның өз бағасы бар екенін білемін, бұндай «жұмыс»техникасы жақсы жолға қойылған

Жастар бакалавриатты бітіреді, ал көпшілігінде білім жоқ. Сондықтан ЖОО өзінің негізгі функциясы — білім беру процесімен айналыссын.

Жалпы, ғылым мен білімнің интеграциясы — еуропалықтардың идеясы. Бірақ олар бұндай жүйені енгізе алмады. Тұжырымдаманы тек Солтүстік Америка жүзеге асыра алды. Бірақ Америка қайда, біз қайда?

Біз әрдайым университеттерге «Біріккілерің келе ме? Жарайды. Бірақ  үйлестіру арқылы.  Ғалымдар бос уақытында дәріс оқып, бірлескен жұмыс немесе зертханалық зерттеулер жүргізе алады. Неге бұлай жасамасқа?» деп үнемі айтамыз. Бірақ заң тұрғысынан жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лер бөлек болуы керек. Бұның бәрі кейін  тәжірибелі станциялардың жері, ғимараты мен малының  меншік иесі кенеттен өзгеріп шыға келмес үшін жасалатын амал-әрекет.

Біз апелсинді  бөлгендей болып отырмыз

— Аграрлық ғылымды дамыту бойынша бүкіл ҒЗИ мүше болған «Қазагроинновация» АҚ бар емес пе?

— Оны құрған кезде барлық шағын ғылыми-зерттеу институттарын жауып, тек екі орталықты қалдыру идеясы пайда болды. Әңгіме Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы мен Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-инновациялық институты туралы болып отыр.

Бұл біздің елімізде  ғылыммен айналыстантын адамдардың шамадан тыс болғаны үшін жасалды деп ойлайсыз ба?  Соңғы жылдары жылжымайтын мүлік пен жер өте қымбаттап кетті.

Бұл ойдың авторларының идеясының нәтижесінде ҒЗИ-лердің есепшоттарын жауып, бір есеп айырысу шотын ашты, бірақ жұмыс тоқтап қалды

Мен сол кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып,  оны осындай қателіктерді жасамауға сендірдім. Кейбір институттардың жүз жылдық тарихы бар, олардың дәстүрлері, тәжірибесі, мектебі жолға қойылған, өз саласын егжей-тегжейлі меңгерген. Егер ондаған ҒЗИ-лерді  екі ғылыми орталыққа бөліп қайта құрса, барлық ғалымдарды Ақмола және Алматы облыстарына орналастыруға тура келеді. Мен Президентке бұның олқылықтарын негіздеп, түсіндірдім.  Ғылыми қызметкерлердің отбасыларының жағдайы керемет жақсы емес. Ғылыми орталықпен бірге ауылға кеткен ғалымның басқа отбасы мүшелерін кім жұмыспен қамтамасыз етеді?

ҒЗИ ғимарат емес, адамдар екенін түсіну керек, олар бұндай көшуге келісе қоймасы анық. Бізге қарсылық көрсеткендер болды

Олардың айтуынша, осы екі орталықты құруға қыруар ақша бөлінді. Бақытымызға орай, парламент кейіннен бұл идеяны қолдамай, қайтарып жіберді. Институттарға өздерінің есеп айырысу шоттары мен барлық активтері қайтарлды. Қазір бұл оқиға қайта көтерілді.

Осы жасаған тәжірибеміз де жетер

— ҒЗИ-лермен бірге ғылымды қаржыландыруды да қолға алуды көздеп отыр ма?

— Ақша, ақшамен, негізінде соншалықты көп емес. Ал тәжірибе жүргізілетін станцияларда  жер мен мал көп.

Мұнда мемлекеттің рөлі де маңызды. Мен дамыған елдер туралы айтпаймын, бірақ тіпті дамып келе жатқан елдердің өзінде ғылымға ЖІӨ-нің 1-1,5%-ы бөлінеді. Ал Қазақстан бөлген қаржы тіпті 0,5%-ға жетпейді. Сондықтан жастар ғылымға бармайды. Ал университеттерді бітірген сирек кадрлар ескі ғылыми кадрларды алмастар алмайды, себебі сауаты төмен.

Бір кездері біздің ғалымдар жоғары оқу орындарының педагогикалық кеңестеріне кірді, сондықтан біз онда диссертациялардың қалай жазылатынын және қорғалатынын білеміз. Студенттер ақша беріп, біреудің жұмысын қорғап шыға беретін

Әлемдік жетекші университеттермен ынтымақтастық орнатқаны туралы айту бір нәрсе. Ал егіс жұмыстарына келгенде, ешкімнің бейімделмегені анықталады. ЖОО-дағы бакалаврлардың 70%-ы ақылы бөлімде оқиды. Университтер соның арқасында күнелтіп отыр.

Мысалы, олар бұрын ҒЗИ-лерге бөлінген қаржыландыруды алды делік, ал ғылымның жағдайы не болады? Олар барлығының анық-қанығына жеткенше, былай тартсаң арба сынады,  былай тарсаң өгіз өледі. Сол себепті де  ғалымдар қарсылық көрсетуде.

 Бізге ҒЗИ-лерді ондаған жыл бойы басқарған зейнеткерлік жастағы тәжірибелі ғалымдарды  жас менеджерлерге ауыстырған тәжірибенің өзі жеткілікті болды

«Жекешелендіру» сөзі бірден шыға келді. Мен сол кезде ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен біраз сөзге келіп қалдым. Ғылым бизнестің тәжірибесі қолданылатын сала емес. Ол жұмысына бар өмірін арнаған, егде жастағы ғалымдардың адалдығы мен білімінің арқасында ғана сақталып тұр. Ғылымды нарықтық рельстерге қою үшін жасалған кез келген талпыныс апатқа әкеледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз