Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Павлодарлық келіншек енді есін жиды. Ол қатты өкініп жатыр

102

Тілшілерге берген сұхбатында 34 жастағы павлодардық келіншек осыған дейін балаларына ешқашан қол көтермегенін айтып, ақталды.

– Біз ажырасқанбыз. Олар маған эмоциялық тұрғыда ауыр соққылар жасап, жүйкемді қатты жұқартты. Сондықтан мен өз әрекетіме жауап бере алмай қалдым.

Өз басымдағы хәлді ешкімге ашып айта алмадым. Қазір мен балам үшін қатты алаңдаймын. Оны өзіме қайтарғым келеді. Үлкен қызым да уайымдап күнде жылайды. Менің қылығым үшін кешіріңіздер! Балаларымның анасыз өскенін қаламаймын!,

– деді Нұргүл Докуова.

Нұргүлдің бұл өкініші ескеріледі, дейді қамқоршылық органының өкілдері. Әйтсе де әйелді ата-ана құқығынан айыру бойынша тиісті жұмыстар басталып кетіпті. Демек, Айлин туған әкесінің қамқорлығына алынуы әбден мүмкін.

Павлодар қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Орынбасар Темірболатованың айтуынша, әкесі баланы алғысы келетінін айтып, өтініш жазған.

– Бұл мәселе қарастырылуда. Жұмысынан мінездеме, учаскелік полициядан рапорт және үй-жайы туралы ақпаратты жинап жатырмыз. Тиісті құжаттарды тексермей тұрып, қандай да бір шара қолдана алмаймыз. Баланың өміріне екінші рет қауіп төндіруге болмайды. Анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесі көтеріліп, сотқа талап-арыз түсіруге дайындалып жатырмыз, – деді ол.

Қазір Айлин арнайы мекемеге орналастырылған. Ондағылардың айтуынша, баланың жағдайы жақсы.

Айналадағыларымен тез тіл табысып, достар тапқан көрінеді. Бүлдіршіннің бұл жерде қанша болатыны белгісіз. Қамқорлық органы әкесінің құжаттарынан мін таппаса, үш жарым жасар балғын бірер күнде туғандарымен қайта қауышады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз