Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Павлодардағы жол апатына себеп КамАЗ көлігінің жүргізушісі: “Алдым аппақ, болып ештеңе көрінбеді”

Ол өзін басып озған көлікті көрген куәгерлер болса, хабарласуын өтінді.

«Мұратты көрмедім, бірақ оның жұбайымен, Баянбек Жүнісовтің отбасымен кездестім. Кешірім сұрадым. Олар мені кешірді. Жасым 53-те. Жүргізуші болғаннан бері жол апатына алғаш рет түсіп тұрмын», – деді ол.

50 жастағы ер адам полицейлердің туыстарынан кешірім сұрады және болған жағдайға қатты өкінетінін жеткізді. Ал дәрігерлер болса, Баянауыл ІІБ старшинасының өмірін сақтап қалу үшін әлі де күресіп жатыр.

«Мұрат Нұрсейітовтің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Дәрігерлер консилиумы өтті. Астананың бірінші ауруханасымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Оны сантиралық авиациямен сол жерге апаруды жоспарлаудамыз. Ауа райы жақсарғанын күтіп отырмыз», – деді №1 қалалық аурухананың баспасөз хатшысы Алмас Тоқышев.

Жол апатының құрбанына айнала жаздаған балалар болған жағдайды баяндап, құтқарушыларға алғыс білдірді.

«Жол бойы бәрі орынша болды, тек Павлодарға жақындаған кезде осы апат орын алды. Мен екінші қатарда отырғанмын, барлығын көрдім. Жол жөнді көрінбей, тұман болды. Жолға қарап отырғанмын, кенет қарсы осы КамАЗ шыға келді. Қорқып қалдым, ештеңе түсінбедім. Сосын қатты соққы болды да, біз барлығымыз секіріп түстік. Сөмке, телефондарымыз еденде жатты», – деді Майқан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Қамшиева.

Балалар құрамасы шахмат бойынша облыстық спартакиадаға бара жатқан.

«Павлодарға келіп, бірден үйге хабарластым. Ата-аналарымыз уайымдамасын деп, себебі олар интернеттен, жаңалықтардан бәрін естіді. Біз жылаған жоқпыз, ата-аналарымыз жылады. Бізді құтқарған полицейлерге үлкен рахмет. КамАз бізге қарай келе жатты, егер ол бізге соғылса, біз аман қалар ма едік жоқ па, ол белгісіз», – деді Айнұр. Айнұр жыл сайын облыстық спартакиадаға қатысады екен, облыстың бірнеше дүркін чемпионы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз