Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Павлодардағы шенеунік пен бас дәрігердің төбелесі: сот шешімі шықты

122

“Нариман Шахмарданов ҚР ӘҚБК 73-бабы 1-тармағы “Ұрып-соғу”  бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылды, мемлекеттік кіріске 10 АЕК, яғни 24 050 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс”, — деді Павлодар әкімшілік сотының судьясы Нұролла Есенжолов.

Бірақ Нариман Шахмарданов өзін айыпты деп санамайды. Оның айтуынша, төбелесті аурухананың дәрігері бастаған. Ол кенеттен желкесінен ұрып жіберген кезде, басқарма қызметкері қолын бір сілтеп, байқаусызда дәрігердің көзәйнегін сындырып алыпты.

Сот жәбірленуші деп таныған аурухананың бас дәрігері Марлен Ахметов оқиғаны мүлдем басқаша баяндайды. Оның сөзіне сүйенсек, басқарма қызметкері оны бетінен ұрып, көзілдірігін сындырып, әйнек қабағын жырып кеткен екен.

Дәрігердің ауруханаға жатуына тура келеді. Сол кезде шенеунік келіп, болған жай үшін кешірім сұрайды. Сот жәбірленушінің сөзіне сенді.

Сот отырысында анықталғандай, жанжал Шахмарданов қарт анасымен бірге жедел жәрдем ауруханасына барғанда, гардеробшы әйелдің оларға дауыс көтерінен туындаған. Шенеунік бұл туралы әлеуметтік желіде жазады. Оның үстіне оған науқастарға көрсетілетін қызмет ұнамапты. Сол үшін ол бас дәрігерді облыстық денсаулық сақтау бөліміне шақырған.

Марлен Ахметов гардеробшы әйелге бірден шара қолданып, әкімшілік жаза тағайындайды. Оның үстіне шаруашылық меңгерушісімен бірге облыстық денсаулық сақтау бөліміне жіберіп, кешірім сұратады. Сөйтіп, кикілжің жойылған.

Бірақ шенеунікке бас дәрігердің өзі келіп, кешірім сұрамағаны жақпайды. Жиналыстан кейін ол бас дәрігерді алып қалып, артынша арада төбелес туындаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз