Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда жетімдер үйіне өткізілген бала 7 жылдан соң анасына оралды

Павлодар қалалық сотының 2009 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен Қанаттың (2000 жылы туылған) анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Жеті жыл өткен соң ғана баланың анасы ата-анасының құқығын қалпына келтіру туралы сотқа өтініш берді.

Осы жылдар арлығында әйел тұрмыстық жағдайын жақсартуға тырысып, үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, тұрақты жұмыс орнын іздеді. 2016 жылғы қаңтардан бастап ол асханаға жұмысқа тұрған. Ұлымен байланысты әйел үзбеген. Үнемі балалар үйіне барып, демалыс күндеріне қонақ ету рұқсатын рәсімдеп келген.

Балалар мемлекеттік мекемесінің директоры бұл жәйттерді растап, соттан ананың ата-аналық құқығын қалпына келтіруді сұрады. Өз кезегінде сот психологының қатысумен сұралған кәмелет жасқа толмаған Қанат анасына оралуға нық сенім білдірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз