Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда жараланған үйсіз жануарларға арналған жедел жәрдем демалыссыз жұмыс істейді

190

— Біздің орталық — жараланған үйсіз жануарларға жедел жәрдем көрсетеді. Орталықтың телефонын кез-келген анықтамадан немесе Google-де табуға болады.

Адамдар көмекке мұқтаж үйсіз жануарларды көрсе, бізге қоңырау шалады. Біз жануарды өзімізге аламыз, емдейміз, егеміз, зарарсыздандырамыз және жақсы жандардың қолдарына тапсырамыз.

Өкінішке орай, бізге келіп түскен жаралы жануарлардың барлығын құтқара алмаймыз. Біздің орталықтың ерекшелігі — жағдайы ауыр жануарлармен жұмыс істеу.

Біз

халыққа жануарларды өз бетінше құтқаруға көмектесеміз

Оған жануарды емдеуге ақы төлеу, азық-түлік пен құрал-жабдықтар: науалар, торлар, жағалар, толтырғыштар және басқалар кіреді.

Сонымен қатар, операцияға және/немесе зарарсыздандыруға кететін қаражатты өз мойнымызға аламыз, құтқарған жануарлары қолына алғысы келетін адамдар табылған кезде оларды клиникаға немесе жаңа үйге тасымалдауға көмектесеміз.

Кейде адамдар тек ақша үшін бағуға жануарларды келіссе, оларға артық ақша төлейміз. Біз қаражатты, тауарлар мен ресурстарды қабылдағыш-таратушы рөлін атқарамыз.

Пандемия бізге өз әсерін тигізген жоқ, біз бұған дейін де күн сайын жұмыс істедік. Қала жабылған кезеңді қоспағанда, жануарлардың жағдайы да өзгерген жоқ.

Адамдар көшелерге азырақ шықты, соған сәйкес өтініштер де аз болды. Орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Жануарларға көмектесу арқылы  үлкен жауапкершілікті мойныма алдым және өзімнің міндетімді түсініп, сабырлы және шыдамды бола бастадым. Сонымен қатар, салқынқандылық қасиеті де бойыма дарыды. Күн сайын өлімді көріп, қатал болмау мүмкін емес.

Дегенмен

осы уақытқа дейін қайтыс болған әрбір жануар белгілі бір психикалық жарақат салады,

бірақ мен психикалық тепе-теңдікті сақтау үшін басқа мәселелерге көңілімді бөліп, ойымды басқа жаққа бұруды үйрендім.

 

 

Жараланған бұралқы жануарларды оңалту орталығы туралы ақпаратты Instagram — Pavlodar Shelter парақшасынан біле аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз