Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодарда ұялы ара қабірді жабуға мүмкіндік бермеді (видео)

201

Желіде осыған байланысты әр түрлі пікір айтылып, зират жұмысшыларын сөгіп тастаған.

Видеодағы зиратқа үй-күйі жоқ қайтыс болған адамдарды жерлейтін павлодарлық бір фирма жауапты болып шықты. Үй-күйсіз қайтыс болған павлодарлықты жерлеу рәсімі 7 қыркүйекте болған.Жерлеу рәсімін екі қабір қазушы жүргізіп жатқан.

“Олар қабірді қазып болып,мәйітті орналастырып бола бергенде оларға бір топ ұялы ара тап беріп,шағып тастаған.Қабірді жабуға мүмкіндік бермеген. Мәйіт көрініп қалмас үшін шала-шарпы жауып,тақтайша қойып кеткен.Ол жерде араның омартасы болған болу креек. Бүгін барып толықтай жауып қайтты”, деді жерлеу фирмасының жетекшісі Анатолий Ковнишер.

Фирма жетекшісінің айтуына қарағанда бұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

“Бұл жерде ешқандай келеңсіздік болған жоқ, жұмысымызды бәрібір бүгін бітірдік.Солай болды аралар жұмысшыларға шабуылдады.33 жылдық тәжірибемде осындай жағдай бірінші рет болып отыр. Қабір алдын-ала қазып дайындалып қойылған,ол жерде араның ұясы болған болуы кекрек. қазып жатып жұмысшалар араның ұясын бұзып алған”, дейді Анатолий Ковнишер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз