Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда өткен “Қыс-2016” штабтық-жаттығулар аяқталды

111

Штаб басшылығы құтқарушылардың осындай сын сағаттарда шыңдалатынын тілге тиек етті. Оқу-жаттығу ойындары кезінде күн күрт бұзылып, ауа температурасы төмендеп кетті. Жылу беретін стансаға күш көп түскендіктен, трансформатор істен шықты. Соның салдарынан 40 тонналық тез тұтанатын сұйықтық толтырылған трансформатордан өрт шығып, жарылыс болды. Қаланың тең жартысы жарықсыз қалды. Бұл – құтқарушылардың «Қыс-2016» командалық штабтық оқу-жаттығуының сценарийі.

Сырым Ғаббасов, үйлестіруші:

– Біз трансформатор стансасында болған апатты жағдайды көрсеттік. Кәсіпорын тарихында алғаш болып отырған оқу жаттығу. Біздің өрт сөндірушілермен қалалық өрт төтенше жағдайлар қызметінің бірлесіп әрекет етті. Өндіріс ошақтарының қыс маусымына дайындығын тексеру өте маңызды.

Төтенше жағдайлар қызметіне тағы бір хабарлама келіп түсті. Бұл жолы «Павлодар-Семей» тасжолында ірі жол-көлік апаты болды. Жолаушылар автобусымен бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан. Зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, адамдар жылыту қосындарына жеткізіледі.

Қымбат Көпбаев, Қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс тобының аға офицері:

– Жолаушылар автобус жолдан шығып, үш машинамен соқтығысты. Осы жол апатына қызметтің барлығы қосылып, авариялық құтқару жұмыстарын жасады және де осы автобуста болған кісілерді жылу пунктеріне көшіру керек болды.

Бұл – Усолка өзенінің бойы. Мұз жарылғанда екі балықшы мінген көлік суға батқан. Абырой болғанда, құтқарушылар шұғыл жетті. Мұздың жұқалығын қаперге алмаған балықшыларды көлігімен қоса сүңгуірлер жағаға алып шықты.

Игорь Кулешов, екінші санатты құтқарушы:

– Өкінішке қарай, қатты аязға қарамастан, тұрғындар қауіпсіздік техникасын сақтамайды. Салдарынан осында апаттар болады. Адам өмірін сақтап қалу үшін біз жаттығып, кез келген жағдайға дайын болуымыз керек.

Үш күнге созылған «Қыс-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығу ойындары қорытындыланды. Алайда төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы енді басталады. Алдағы күндері аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді. Күніне құтқарушылармен өрт сөндірушілерден құралған 150 адам кезекшілікке шығады. Облыс аумағына жол талғамайтын 82 көлік бөлінген, 172 жылыту пунктері жұмыс істейді. Олардың 39-ы облыс жолдарында орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз