Павлодар ауданының Красноармейка ауылдық округінде «Супер әже» аудандық байқауы өтті.
Бұл сайысқа Павлодар ауданының 17 ауылдық округінен 20-ға жуық әже қатысқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Зейнеткер ІІ-топтағы мүгедек болғанына қарамастан, 16 келілік гір тасын көтерді.
Чернорецк ауылынан келген Ләззат Сүлейменова әжеміз бас жүлдені жеңіп алса, Рождественка ауылының тұрғыны Евгения Белоцерковская І-орынды иеленді.
Чернорецк ауылынан Үміт Төлеубаева мен Розовка ауылынан Тамара Перницкая ІІ-орынды өзара бөліссе, Толыбай ауылының 70 жасты алқымдаған тұрғыны Қайникамал Жақыпова мен Красноармейка ауылынан Үміт Ибрашевна ІІІ-орынды иеленді.
Бұдан басқа, Аққұдық ауылынан келген әжеміз Күлпәш Нұрғалиева «Көрермен көзайымы», Богдановка ауылынан Тамара Пащенко «Пысық әже», Жаңачерноярка ауылынан 70 жастағы Нина Астафьева «Ең сұлу әже» аталымдары бойынша марапатталды.
Олардың барлығына бағалы сыйлықтар табысталды.