Нұр-Сұлтан
Қазір
-33
Ертең
-26
USD
459
+0.88
EUR
494
+0.54
RUB
5.04
+0.05

Павлодарда спутниктік табақшаны өтірік реттеп, ақша тапқан алаяқ ұсталды

Күдіктінің мамандығы – программист екен. Ол Шербақты ауданы Алексеевка ауылында спутниктік табақша орнатылған теледидарлардың нашар көрсететінін естіп, одан пайда таппақ болады.

Ауылға жолаушылар автобусымен жеткен жас жігіт бірінші кездескен үйге кірген. Үй иелеріне ол өзін “Космос плюс” компаниясының қызметкерімін деп таныстырған. Сөйтіп ол ертеңнен бастап бүкіл спутниктік арналардың жұмыс істемейтінін мәлімдеген. Сондықтан спутниктік табақшаны қайтадан реттеп, ондағы арналарды жаңадан орнату қажет дейді. Осы қызметі үшін ол ауыл тұрғындарынан 7 мың теңге алады. Теледидардың пультін алған алаяқ антенна мәзірін ашып, бірдеңе баптап жатқандай кейіп танытады. Ақшаны алған соң күдікті тағы екі үйге бас сұғып, алаяқтығымен тағы да табыс табады.

Алайда алданып қалған әйелдердің бірі күдіктеніп, бірден полиция бөлімшесінің инспекторына хабар береді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни “Алаяқтық” бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ақшалай қаражат иелеріне қайтарылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз