Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Павлодарда полицейлер сотталды

125

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Тергеу материалдарына қарағанда, оқиға шаһардағы аулалардың бірінде болған. Бұрынғы әйеліне алимент төлеуге келген ер адам кейін онымен сөзге келіп, кетіп қалады. Бірақ оны сыртта адуынды полицейлер күтіп тұрыпты. Сөйтсе, оларды әйелі шақыртқан екен.

Ер адамды соққының астына алған тәртіп сақшылары енді мұнда аяқ баспайтынын мәжбүрлеп айтқызып, ұялы телефонға жазып алыпты. Миы шайқалып, қабырғалары сынған азаматтың өзі кейін қос полицейдің үстінен арыз түсірген. Ал қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша айыпталған 40 және 44 жастағы тәртіп сақшылары түрме жазасына қоса, жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз