Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Павлодарда полицейлер ауыл имамын, кәсіпкерді және оқушыны өлімші етіп сабаған

Арнайы жасақ өкілдерінен “таяқ жеген” 41 жастағы Ербол Қабылбеков бұл уақытта қонаққа бара жатқанын айтады. Алдынан шыққан қарулы топ оны еш сұраусыз тепкілеп тастаған.

“Айтқа қонаққа шақырған үйге жақындап қалғаным сол еді, бетперде киіп, суық қаруланған бір топ адам алдымнан шығып, мені тепкілей бастады. Еш себепсіз. Бұл барып тұрған сорақылық”, – дейді ол.

Дәрігерлердің көмегіне тағы төрт тұрғын жүгінген. Олардың қатарында оқушы бала да бар. Оның кеуде тұсы жараланып, миы шайқалыпты.

“Мен мектептен қайтып келе жатқанмын, аулада әкемді белгісіз біреулердің ұрып жатқанын көрдім. “Не істеп жатырсыңдар?” деп ара түскенім сол еді, мені кеудемнен ұрып құлатып, теуіп тастады”, – дейді 15 жастағы Темірлан Ахметов.

Бұл сұмдық оқиға оқушылардың көзінше болған. Келесі күні мектепке олардың біразы келмей қалыпты. Педагогтардың айтуынша, кішкентай балалар төбелесті көріп, қатты қорыққан. Енді оларға психологтың көмегі қажет болады дейді мұғалімдер.

Болған жайттан кейін ауылға Павлодар облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасының мамандары келді. Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы (Қызметін асыра пайдалану) бойынша іс қозғалған.

ІІД өкілдерінің айтуынша, арнайы жасақ пен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары ауылдағы тұзды көлді күзету үшін келіпті. Оларға сирек кездесетін Artemia salina шаяндарын заңсыз аулап жатыр деген ақпарат келіп түскен екен.

Полицейлер қазір өз әріптестерін ақтап алуға тырысып жатыр. Айтуларынша, бетперде киген арнайы жасаққа жергілікті тұрғындардың өздері сес көрсетіп, бұйрыққа бағынбаған екен. Шаян аулағандары қашып кетпек те болған дейді ІІД өкілдері.

“Полиция қызметкерлері Құқық қорғау қызметі туралы заңның шеңберінде әрекет еткен. Онда нақты қандай уақытта күш қолдануға болатыны көрсетілген”, – дейді Павлодар облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Нариман Әлиев.

0621f060f6a6b3c08b808335528f3da4_xl

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз