Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодарда оқушылар мінген автобусты қорғап қалған полицей есін жиды (видео)

111

Олар кенеттен қарсы жолға шығып кетіп, балалар отырған автобусқа қарай келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан болатын. Осылайша, тәртіп сақшылары балаларды жол апатынан аман алып қалды.

Жантүршігерлік жол апаты «Астана-Павлодар» тас жолында болды. Қатты соққыдан тәртіп сақшыларының бірі ауыр жарақат алды. Полиция қызметкерлері болмағанда автобуста отырған 18 оқушымен 4 тәрбиешінің аман қалуы екіталай еді.

Кешеден бері жансақтау бөлімшесінде жатқан Мұрат Нұрсейітов бүгін есін жиды.

Мұрат Нұрсейітов, Баянауыл аудандық ІІБ қызметкері:

– Мен бірінші кезекте апат болған жерге жылдам келіп алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Екіншіден, қалалық аурухананың дәрігерлеріне. Қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатыр. Бұл жерде өз ісінің шеберлері жұмыс істейді.

Нұрлан Қасымов, №1қалалық аурухананың реаниматологы:

– Ауыр науқас, көп жерден сүйектері сынған. Қабырғасы сынған. Бүгінгі таңға қарағанда хал-жағдайы орташа. Өміріне қауіп жоқ.

Мұрат Нұрсейітовтің жақындары кешеден бері жансақтау бөлімінің есігін күзетіп жүр. Олар жол апаты болғанын ести сала, Баянауылдан Павлодарға жеткен.

Әсел Нұрсейітова, Мұрат Нұрсейітовтың зайыбы:

– Оның тек қана алға қойған жағдайы балаларды құтқару. Себебі ең бірінші оның өзінің жұмысы адамдарды осылай қиын жағдайда құтқару.

Бастарын қатерге тігіп, балалардың өміріне араша болған Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтың ерлігі көпке үлгі етуге тұрарлық. Қызметтік міндетін мүлтіксіз орындаған тәртіп сақшыларының әрқайсысына демеушілер 5 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз